Есірткі тасымалдаған ағайынды үш жігіт сотталды

    Ақтөбеде кір жуатын машинамен марихуана тасыған үш жігітке қатысты сот үкімі шықты. 37 жастағы Ерұлан Есімов енді 11 жыл түрмеде отырады. Ал оның бауырлары 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылды.

    Айыптау актісіне сәйкес, 37 жастағы ақтөбелік Ерұлан Есімов өткен жылы қыркүйекте жеке шаруаларымен Жамбыл облысына барады. Осы жерде
    215 мың теңгеге 2 келіден астам марихуана сатып алған.
    Ақтөбеде есірткі бизнесімен айналысқысы келген жігіт өз ойын өзінің бауырларына айтады. Жамбыл облысының Жуалы ауданында тұратын Бағлан Есімов пен Тараздың 31 жастағы тұрғыны Мұрат Есімов бұл ұсынысты қолдай кеткен.
    Тергеу барысында олардың сатып алынған марихуананы бірнеше рет кір жуатын машинаға салып, пойызбен тасымалдағаны анықталды. Ағайындылардың бірі Ерұлан биыл 22 наурыз күні құпия жүкті қабылдау кезінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің қолына түседі. Тінту барысында одан 8 келі есірті тәркіленген.
    Олар есірткі тасумен 2014 жылдың қыркүйегі мен 2015 жылғы наурыз айының аралығында айналысқан. Тергеу сотталушыларға осы уақыт ішінде
    10 077, 78 грамм есірткі тасымалдап, оны Ақтөбе облысының аумағында өткізбек болды деген айып тақты. Сот отырысы барысында айыпталушылар өз қылмысын толықтай мойындаған.
    21 қыркүйек күні Ақтөбенің қылмыстық істер жөніндегі мамандандандырылған ауданаралық соты ағайынды үш жігітке қатысты үкім шығарды. Судья айыпталушылардың ортаншысы Ерұлан Есімовтің мүлкін тәркілеп, оны 11 жылға абақтыға қамады. Ал екі бауырына
    7 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Сот мәжілісінің хатшысы Әсел Амантаеваның айтуынша, ағайындылар жазасын қатаң тәртіптегі түзеу колониясында өтейді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Педофил “әке” 16 жылға сотталды
  • Ағайынды үш жігіттің соты басталды
  • Маскүнем меңгеруші есірткі сатқаны үшін сотталды
  • Есірткі сатқан комсомолдық тұрғын сотталды
  • 3,5 келі есірткі тәркіленді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге