Бес баласы бар фельдшер 17 жастағы қызды зорлаған

    Ақтөбе облысында көршісінің 17 жастағы қызын зорлаған ер адам сотталды. 10 жылға бас бостандығынан айрылған Сағынай Басқынбаев түрмеде маскүнемдіктен емделеді.

    Оқиға биыл 23 маусымда Әйтеке би ауданының Басқұдық ауылында болған. 41 жастағы ер адам мас күйінде көршісінің есігі ашық тұрған үйіне кіреді де, бөлмеде ұйықтап жатқан қызды күштеп зорлайды. Үйден шығып келе жатқан азғынды 17 жастағы бойжеткеннің немере ағасы байқап қалған.
    Жәбірленушінің қорғаушысы Мұрат Мирмановтың айтуынша, туысы тіпті ашуға булығып, оған қол жұмсамақ болған көрінеді. Ал зорлық көрген қыз өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Қазір ол аудан орталығындағы колледждердің бірінде оқып жүр.
    Заттай айғақтарды зерттеген сот-медициналық сараптама мамандары қылмыс іздерін тапқан. Жабық сот процесі кезінде күдікті өзінің үш күн бойы медицина қызметкерлерінің күнін тойлағанын және болған оқиға туралы ештеңе есінде жоқтығын айтқан. Алайда, сараптама нәтижесімен келісіп отыр.
    Тергеу 41 жастағы ер адамға Қылмыстық кодекстің 120 бабының 3 –бөлігінің 3 тармағы бойынша айып тақты.
    29 қыркүйек күні кәмелетке толмаған көршісін зорлаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Мемлекеттік айыптаушы педофилді 11 жылға қамауды сұраған. Алайда, Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Гүлжан Әжіғалиева оны 10 жылға бас бостандығынан айырды. Бұған қоса жәбірленушінің анасына 500 мың теңге моральдық өтемақы төлеуге міндеттеді. Педофил жазасын қатаң тәртіптегі түзеу колониясында өтейді. Түрмеде ол ішімдіктен мәжбүрлі түрде емделеді.
    Судья сотталушының бұрын істі болмағанын және Әйтеке би орталық аудандық ауруханасында фельдшер болып жұмыс істегенін айтты. Кәмелетке толмаған бес баланың әкесі.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Педофил “әке” 16 жылға сотталды
  • Педофил “әке” 16 жылға сотталды
  • Сегіз жастағы қызды зорламақ болған ырғыздық сотталды
  • Ақтөбеде 8 жастағы қызды зорламақ болған жігіт сотталды
  • “Немере қарындасын зорлаған” педофил сот алдында жауап бере бастады
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге