Жалғыз ұлдары жол апатынан қайтқан ата-ана 5 млн теңге сұрайды

    Жалғыз ұлынан айрылған ата-ана жүргізушімен соттасып жатыр. Әділдік іздеген олар кінәлі адамның заң шеңберінде жазаланғанын қалайды.

    Ақтөбеде жол-көлік оқиғасынан қайтыс болған 21 жастағы жігіттің өліміне қатысты сот отырысы басталды. Бұл оқиға биыл 20 маусым күні Шернияз көшесінің бойында болған.
    2015 жылғы 20 маусым күні қаланың ескі бөлігінде Лада "2114" пен Mazda автокөліктері соқтығысады. Нәтижесінде 21 жастағы көлік иесі қаза тауып, екі досы жарақат алған еді.
    -Ноян - жалғыз ұлым еді. Оның өмірге келуін 20 жыл күткенбіз. Артында екі бірдей ұлы жетім қалды.Біреуі екі жаста, екіншісі бірден енді ғана асты. Келінім небәрі 19 жаста жесір атанып отыр.Ұлым биыл Ақтөбедегі мұнай және газ колледжін бітіруі керек еді. Дипломын қайтыс болғаннан кейін алдық,-дейді марқұмның анасы Бибайша.

    Жол апатына кінәлі болып отырған 32 жастағы жігіт өз айыбын толықтай мойындап отыр. Тіпті материалдық және моральдық өтемақыны төлеуге дайын. Алайда, жәбірленуші тарап оның жаназа кезінде көмектеспегеніне наразы.
    - Бұл жігіт бес бірдей адамды асыраушысынан
    айырды. Кешірім сұрай келген туыстары “балаң қанша тұрады?” деген сыңай танытты. Өзі баламның жетісінде де, қырқында да төбе көрсеткен жоқ. Бұл мұсылманшылыққа жата ма?Біз зейнеткерміз.Кішкентайларынан жетім қалған екі баланы 18 жасқа дейін асырауларын сұраймын. Оған тіпті он жыл берсеңіз де разымын,-дейді марқұмның әкесі Бөгенбай Көпжасаров.

    Жол апатының кесірі Ноян Жылқайдардың қасында болған достарының біріне де тиді. Өйткені, оның апат кезінде сол қолы сынған. “Технодом” дүкенінде жүк көтеруші болып жүрген жігіт қазір жұмыссыз.
    - Досымның отбасына көмектессе, кешіреміз деп ойлағанбыз. Алайда, енді біз де өтемақы өндіру жөнінде азаматтық шағым түсіреміз,-дейді жәбірленуші.
    Десе де айыпталушы тараптың қорғаушысы мар-құмның көлік жылдамдығын үдетпегеніне күмән келтіріп отыр. Сондықтан ол қосымша сараптама тағайындау керек деп санайды. Ал Ноянның әкесі жалғыз ұлының өлімі үшін
    3 млн моральдық және 2 млн материалдық өтемақы талап етіп отыр.
    Сот процесі жалғасып жатыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • “Айғақ заттарды жоғалтқан” тергеуші ақталып шықты
  • Жол апатынан 8 адам зардап шекті
  • Хромтауда жеңіл көлік КамАЗ-бен соқтығысты
  • Алты адамның өліміне себепкер жүргізушіге үкім шықты
  • Танымал кәсіпкердің өліміне қатысты сот процессі басталды
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге