Жеке сот орындаушылары туралы білесіз бе?

    “Керек.info” редакциясына алимент ала алмай жүрген аналар жиі келеді. Бірақ олардың көпшілігі жеке сот орындаушылары туралы мүлдем білмейді. Аз-кем ақпараты барлардың өзі “жеке сот орындаушыларының қызмет ақысын төлей алмаймыз” деп қорқады.

    Биыл ақтөбелік жеке сот орындаушыларына алиментке қатысты 400 құжат түсіпті. Облыстық жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының басшысы Жанна Омарованың айтуынша, бұл өзге өңірлермен салыстырғанда тым аз.

    - Бізге келетіндердің көпшілігі - қалада тұратын әйелдер. Көбісі Әділет департаментінен естіп, келіп жатады. Биыл павлодарлық жеке сот орындаушыларының қарауына 1200 құжат түскен. Ал бізге алимент өндіру жөнінде облыс бойынша бар болғаны 400 адам шағым түсірді. Оның ішінде 200-дей құжатты тамыз айында қабылдадық. Жаңа оқу жылы басталатындықтан, мектептегі балаларға киім-кешек пен құрал-жабдық керек қой. Сонымен байланысты болса керек. Ал қазан айында мүлдем азайып кетті,-дейді ол.
    Ақтөбеліктер жеке сот орындаушылары туралы өте аз біледі. Жанна Батиғұлқызының айтуынша, бұған адамдардың құқықтық сауатсыздығы себеп.

    - Көбісі “күш мемлекеттік мекемеде” деп ойлайды. Орындалмаса да, құжаттарының Әділет департаментінде жатқанын жақсы көреді. Алайда, мемлекеттік сот орындаушылары бәріне бірдей үлгермейді ғой. Кейбіреулерде жекеге берсек, құжатымыз жоғалып кетеді, орындалмай қалады,-деген қорқыныш та жоқ емес.Тіпті біреулерінде “жеке сот орындаушылары ақша төлесек қана, жақсы жұмыс істейді” деген түсінік қалыптасқан. Алайда, өз қызметіміз үшін біз алимент өндіре алмай жүрген аналардан ешқандай ақы алмаймыз. Ал борышкер әкелерден алимент төлемеген әр үш айы үшін 2 мың теңге шамасында төлемақы аламыз,-дейді жеке сот орындаушысы.

    Қазір Ақтөбеде 45 жеке сот орындаушысы бар. Олар қажеттілік туған жағдайда, аудан орталықтарына да шығып тұрады. Шалғай ауылда тұратын борышкерден де алиментті өндіріп, мүлкіне тыйым салады. Тіпті мемлекеттік сот орындаушылары секілді ел аумағынан шығаруға шектеу де қоя алады.
    Алимент төлей алмай жүргендер түрмеден қорқады- дейді мамандар. Алайда, жеке сот орындаушыларының баласына қарыздар болған әкелерді өз бетінше жазалауға құзіреті жоқ. Тек жауапкершіліктен жалтарғандарды Әділет департаменті арқылы ғана қылмыстық жауапкершілікке тарта алады.

    - Жеке сот орындаушылары ең алдымен өздері үшін жүгіреді. Ең көп дегенде бір айдың ішінде өндіріп беруге тырысады. Өйткені әйелдерден шағым түссе, Әділет министрлігі оларды лицензиясынан айырады. Лицензиядан айрылса, қайтадан жеке сот орындаушысы болуға жол жабылады. Соңғы 4 жылдың ішінде екі қызметкер уақытша лицензиясынан айрылды,-дейді жеке сот орындаушысы.
    Алимент өндіру ісімен мемлекеттік сот орындаушылары да айналысады. Дегенмен олардың жүктемелері өте көп. Сондықтан олар кейде үлгермей де жатады.
    - Әділет департаментінің қарауында 57 мың құжат бар. Оның он мыңнан астамы алимент өндіріп алуға қатысты. Ал облыста бар болғаны 55 мемлекеттік сот орындаушысы еңбек етіп жүр. Осыны ескерсек, әр қызметкерге мыңнан астам іспен айналысуға тура келеді. Бұл өте көп жүктеме,-дейді облыстық әділет департаментінің баспасөз хатшысы Алиса Аманова.

    Келесі жылы атқарушылық құжаттың 95 пайызы жеке сот орындаушыларының қарауына берілмек. Сол себепті өңірлік палата жеке сот орындаушыларының санын 70-ке жеткізуді жоспарлап отыр. Ал таяуда Алға, Мұғалжар, Мәртөк, Хромтау ауданында жеке сот орындаушылары жұмыс істеуі мүмкін.Қазір олар Әділет министрлігінде конкурстық іріктеуден өтіп жатыр.
    Айта кетелік, бүгінгі таңда 28 ақтөбелік баласына алимент төлеуден жалтарып жүр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Алимент ала алмай жүргендер жеке сот орындаушылары туралы білмейді
  • Ақтөбеде 41 жеке сот орындаушысы бар
  • Алимент төлемегендер көлік жүргізе алмайды

  • Алимент төлесеңші, әке?!
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге