Ақтөбеде SOS дабыл батырмасы орнатылады

 Ақтөбеде SOS дабыл батырмалары орнатылады. Оқиға болған жерге полицияны батырманы бір рет басу арқылы шақыруға болады. Бұл туралы Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Назгүл ӘБЕТОВА

kerekinfoaktobe@gmail.com

Дабыл SOS батырмасы тәртіп сақшысын дереу көмекке шақыруға арналған. ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл тұрғындардың өтініштеріне жедел жауап беруге мүмкіндік береді. Қандай да бір құқықбұзушылық болса, батырманы бір рет басу жеткілікті. Кезекші қызметкерге сигнал оқиға орнынан аудио және бейнеақпарат түрінде келіп түседі. Сол жерге полиция лезде жете алады. Ақтөбеде адам көп жиналатын жерлерге осындай 10 құрылғы орнатылатын болады.


Қоғам
09:30, 03 октябрь 2022
997
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив