Ақтөбелік оқытушы бұрынғы әріптестерімен соттаспақ

    Ақтөбеде жоғарғы оқу орнының оқытушысы әріптестерін сотқа берді. Ол бір топ мұғалімді өзіне “жала жапты” деп айыптап отыр.

    Тізімде бас-аяғы 23 адамның аты-жөні көрсетілген. Барлығы да Қ.Жұбанов атындағы өңірлік университеттің оқытушылары. Сотқа шығымданған Ирина Телібекованың айтуынша, әріптестері күйеуімен екеуінің үстінен полицияға шағым түсірген.Тіпті университет басшылығына ұжымдық хат жазыпты. Осыдан соң жоғарғы оқу орнының басшылығы оны қызметінен босатқан.

    -Ұжымдық хатта бізді БАҚ-та жоғарғы оқу орнының имиджіне нұқсан келтіретін материалдар жариялайды деп көрсетілген. Бұдан өзге Фейсбуктегі парақшама “оқу орнында жалған магистрлер жұмыс істейді” деп жазыппын. Оларды жұмыс кезінде қорқытып-үркітіп, сауатсыз деп айыптайтын көрінемін. Қызметтік, педагогикалық этиканы да сақтамайды екенмін. Алайда, бұл – жала. Олар менің ар-намысымды қорлап отыр. Осының кесірінен мен екі баламмен жұмыссыз қалдым,-делінген Ирина Телібекованың сотқа жазған шағымында.
    Бұрынғы әріптестерін “ар-намысымды қорлады” деп сотқа берген ол бір топ оқытушының қатаң жазаға тартылуын сұрайды. Шағымда жауап алуға шақырылатын адамдардың аты-жөндері мен мекенжайлары да көрсетіліпті. Бұған қоса
    23 адамның әрқайсысынан 1 млн теңге моральдық өтемақы талап етіп отыр. Тіпті оны өтеу үшін соттан ұжымдық хат жазғандардың мүлкіне тыйым салынуын талап етеді.

    Сот отырысы 3 желтоқсанға белгіленген.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Тәуелсіз журналистер сотқа тартылды
  • Баласын сатқан әйел аналық құқығын қайтаруды сұрайды
  • Шалқарлықтар еңбек дауын шеше алмай жүр
  • Гүл сатушы мен биліктің дауы
  • “Шамшырақ” ЖШС баспахананы сотқа берді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге