Жол апатына кінәлі жігіт жазаланды

    Жол апатына кінәлі жігіт жазаланды

    Көлік апатынан 19 жастағы қыз қайтыс болып, мотоциклист жеңіл жарақат алған еді. Алайда, марқұм қыздың ата-анасы апатқа кінәлі көлік жүргізушісіне кешірім берді. Ал мотоциклист соттан кінәлі жігітке ауыр жаза тағайындауын сұрап отыр.

    Оқиға былтыр 28 шілде сағат 23:30 шамасында болған. Жігіт Жаңақоныс елдімекеніндегі Әуезов көшесі бойымен келе жатады. Астында жеке меншік Лада автокөлігі болған. Көлік солға бұрылған сәтте қарама-қарсы бағытта мотоциклмен екі адам: жігіт пен қыз жақындап қалғанын аңғарған. Көше жарықтандырылмағандықтан Лада автокөлігінің жүргізушісі де, мотоциклист те алдарында бөгеттің барын байқамай қалады. Нәтижесінде көлік пен мотоцикл соқтығысып қалған. Қатты соққының салдарынан мотоциклдің артында отырған қыз ұшып түсіп, ауыр бас сүйек жарақатын алды. Қыздың басында каска болмаған. Сондықтан оқиға орнында қаза болды. Ал жігіт каска кигенінің арқасында ажалдан аман қалды.
    Марқұм боп кеткен бойжеткеннің ата-анасы сотта бас көтермей, процесте әрең отырғандары байқалды. Дегенмен олар сотталушыны толық кешірді және соттан қатаң жаза бермеуін сұрады. Сонымен қатар олар талап-арыздарын да қайтарып алған.

    - Бала әлі жас қой. Бар өмірі алда.Сотталушыны бас бостандығынан айырмауын сұраймын,-деді қаралы ана.
    Сотталушы болса өз кезегінде бәрінен кешірім сұрап, қатты өкінетіндігін айтты. Кінәсін толық мойындады.
    - Әдейі істеген жоқпын. Абайсызда болған оқиға. Кешірім сұраймын бәрінен,-деді сотталушы соңғы сөзінде.
    Мотоциклистің тарабы кешірім берген жоқ. Сонымен қатар олар сотталушыға ең қатал жаза сұрап отырды.
    - Көлікке отырдың ба? Онда сенің мойныңда жауапкершілік болуы керек. Біздер прокурордың 2,5 жарым жыл сұрағанына келіспейміз. Бұл аз. Біз сотталушыны 4 жылға бас бостандығынан айырып, 5 жылға көлік айдау құқығынан айыру керек деп есептейміз,-деп жәбірленуші тараптың өкілі қарсылық танытты.

    Бұдан басқа жәбірленуші тарап моральдық пен материалдық шығынды өтеу үшін 1 млн теңге, өкілдік шығын үшін 300 мың теңге талап етті.
    - Айыптаушы тарап мотоциклистің де өзі де кінәлі екенін неге ескермейді? Ол мотоциклде отырған жолаушының өміріне жауапты. Оған каска кигізуі керек еді. Мотоклистің төлқұжаты да болмапты. Сотталушының жастығын ескеріп, оны бас бостандығынан айырмай, шартты жаза беруін сұраймын,-деп қорғаушы сотталушыны абақтыдан аман алып қалуға тырысып бақты.

    Судья Ерлан Бақытжан сотталушыға шартты түрде 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар сотталушы 5 жыл бойы көлік жүргізе алмайды. Судья жәбірленуші тараптың талап-арызын жарым-жартылай қанағаттандырды. Яғни, сотталушы 1 млн емес, 600 мың теңге төлеуге міндеттелді. Бұдан басқа сотталушы өкілдік пен процестік шығынды өтеу үшін 500 мың теңгеден аса қаражат төлеуге мәжбүр.
    Судья шықпай тұрғанда-ақ жәбірленуші тараптың өкілі “Сот үкіміне шағым беру үшін қаулыны қашан ала аламын?” деп судьяның хатшысына сұрақ қоя бастады. Мұны судья сотқа жасалған қысым деп есептеп, жәбірленуші өкілге ескерту жасады да, залдан шығып кетті.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жасөспірім мен жүкті әйелді зорлаған таксист 16 жылға сотталды
  • Студенттерге қоқан-лоқы көрсеткен екі жігітке үкім шықты
  • Көршісіне әлімжеттік жасаған жігіт сотталды
  • Жалғыз ұлдары жол апатынан қайтқан ата-ана 5 млн теңге сұрайды
  • Жол апатына кінәлі ырғыздық азамат жазаланды
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге