43 жастағы жігіт ит етін бөліп жеген бөтелкелесін пышақтап өлтірді

    Ақтөбе облысында ауылдасын пышақтап өлтірген хромтаулық жігітке үкім шықты. Сотталушы енді өмірінің 9 жылын абақтыда өткізеді. Бұл жөнінде “Керек.info” тілшісіне облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттан хабарлады.

    Оқиға 2016 жылдың 18 қаңтарында Хромтау қаласында болған. Сотталушы ауылдасын ертіп, жалғыз өзі тұратын марқұмның үйіне барады. Үшеуі бірге ішімдік ішеді. Сәлден соң көңілді отырыстың соңы дау-жанжалға ұласқан. Ішімдікке сылқия тойған үй иесі 43 жастағы хромтаулық жігітті пәтерден шығармай қояды. Ақыры ашуға булыққан сотталушы марқұмның кеуде тұсына асхана пышағын сұғып алған. Көп қан жоғалтқан 2-топтағы мүгедек оқиға орнында қайтыс болады.

    Сот отырысы барысында айыпталушы өз кінәсін мойындаған жоқ. Айтуынша, сол күні танысымен бірге марқұмның үйіне барған. Жәбірленуші балконнан иттің етін шығарып, оны қуыруын сұрайды. Кейіннен барлығы бірге ішімдік ішіп, карта ойнаған. Бөтелкелестерінің бірі әйелінің жұмыстан келетіндігін желеу етіп, көңілді отырыстан кетіп қалады. Екеуара ішімдік ішудің арты жанжалға ұласып, марқұм сотталушыны үйіне жібермей қояды. Сотталушы жауап алу кезінде “осыдан соң ас бөлменің терезесінен шығып, үйіме кетіп қалдым. Оны өлтірген жоқпын. Қылмысты тек тергеушілер қысым жасағандықтан мойындадым” деп ақталды.

    Судья оның бұл жауабын қылмысын жеңілдету үшін жасаған әрекеті деп қабылдады. Хромтаулық жігітті кінәлі деп тауып, 9 жылға бас бостандығынан айырды. Қатаң режимдегі түзеу колониясында ол маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емделмек.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі 8 жылға сотталды
  • Күйеуін өлтірген әйел 8 жыл 6 айға сотталды
  • Ақтөбеде карта үшін жанжалдасқан нағашысы жиенін өлтірді
  • Күйеуін балталап өлтірген әйел сотталды
  • Шалқарлық жігіт 22 жылға сотталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге