Ақтөбе облысында 88 жастағы зейнеткерді ұрып өлтірген жігіт сотталды

    Мұғалжар ауданында 88 жастағы қарияны еш себепсіз ұрып өлтірген жігітке сот үкімі шықты. Қылмыскер өмірінің 11 жылын абақтыда өткізеді. Бұл жөнінде “ Керек.info” тілшісіне Мұғалжар аудандық №2 сотының қызметкері Гүлім Жаңғылышбаева айтты.

    Оқиға биыл 11 ақпанда Ембі қаласында болған. Сол күні ішімдікке сылқия тойған 29 жастағы жігіт туыстарымен сөзге келіп қалады. Үйінен ашулы шыққан айыпталушы көшеден 88 жастағы қарияны кездестіреді. Оған еш себепсіз сөзбен тиісе бастайды. Марқұмның үйіне қайтуын сұраған сөзін желеу етіп, оны бірнеше рет жұдырығымен ұрады. Мұнысымен қоймай, қатты соққы салдарынан жерге құлаған қарияны аяқпен тепкілей бастайды. Жәбірленуші түрлі дене жарақатымен Ембідегі қалалық ауруханаға жеткізілген.Ер адамның басына ота жасалған. Алайда марқұм ес жимастан, қайтыс болады.

    Сот 29 жастағы жігітті Қылмыстық Кодекстің 106 бабының 3-бөлімімен кінәлі деп тапты. Екі баланың әкесін 11 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтейді. Белгілісі, сотталушы бұған дейін де абақтыға отырып шыққан. Ельнар Жулаев бұзақылық жасағаны және адам тонағаны үшін 4 жылға сотталған. 2011 жылы жазасын өтеп, бостандыққа шыққан.

    Ұқсас жаңалықтар
  • 43 жастағы жігіт ит етін бөліп жеген бөтелкелесін пышақтап өлтірді
  • Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі 8 жылға сотталды
  • Күйеуін балталап өлтірген әйел сотталды
  • Танымал кәсіпкер мен зейнеткерді өлтірген жігіт 18 жылға сотталды
  • Шалқарлық жігіт 22 жылға сотталды
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге