Ақтөбе облысында қызын сабаған ана қоғамдық жұмысқа жегілді

    Жем қаласының 34 жастағы тұрғыны мас күйінде туған қызын ұрып-соққан. Мұнымен қоймай, 7 жастағы қызды қыс ортасында жеңіл киіммен далаға қуып шығыпты. Бұл жөнінде “Керек. info” газетіне Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотының қызметкері Гүлім Жаңғылышева айтты.

    Оқиға 2016 жылдың ақпан айында болған. Ішімдік ішкен әйел 7 жастағы қызын қыс ортасында көйлекшең далаға қуып шыққан. Қақаған суықта далада жүрген кәмелетке толмаған қызды полицейлер тауып алған. Тергеу барысында қатігез ананың өз қызын ішімдік ішкен күйі аяусыз сабағаны белгілі болды.

    Мұғалжар ауданының №2 аудандық соты әйелдің үстінен Қылмыстық Кодекстің 140-бабының 2-бөлігі бойынша іс қозғады. Сот отырысы барысында Елена Кулишова өз ісін мойындаған жоқ. Алайда, сот оны бала тәрбиелеу міндетін дұрыс атқармай, кәмелет жасына толмаған баланы соққыға жыққаны үшін кінәлі деп тапты. 200 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылған әйел енді маскүнемдіктен де мәжбүрлі түрде емделетін болады. Белгілісі, әйелдің бұдан өзге тағы екі қызы бар. Ажырасқан, еш жерде жұмыс істемейді. Бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбе облысында 88 жастағы зейнеткерді ұрып өлтірген жігіт сотталды
  • Екі баласын қараусыз қалдырған келіншекке айыппұл салынды
  • Жұмыссыз әйел қызын боқтағаны үшін азаматтық некедегі күйеуін пышақтап тастады
  • Бес баласы бар фельдшер 17 жастағы қызды зорлаған
  • Өгей қызын зорламақ болған “әкенің” соты басталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге