Ішімдік ішкен мектеп директоры полицияға қарсылық көрсетті

    Ақтөбе облысында ішімдік ішкен мектеп директоры полицияға қарсылық көрсетті. Бұл жөнінде “Керек. info” газетіне Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотының қызметкері Гүлім Жаңғылышева айтты.

    Оқиға Ембі қаласында мамырдың 9-нан 10-на қараған түні болған. Мейрам күні қоғамдық тәртіпті қадағалауға шыққан полицейлер көшеде 36 жастағы ер адамды тоқтатады. Ішімдік ішкен жігіттен мастық дәрежесін анықтау үшін полиция бөліміне баруын сұрайды. Алайда, Алтынды орта мектебінің директоры полицияға қарсылық көрсетеді.

    Сот мәжілісінде айыпталушы өз кінәсін толық мойындаған. Мектеп директоры Қылмыстық кодекстің 379 бабының 1 бөлімімен кінәлі деп танылды. Полицияның заңды талабына бағынбағаны үшін оған 63 мың теңгеден астам айыппұл салынды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбе облысында қызын сабаған ана қоғамдық жұмысқа жегілді
  • Ақтөбе облысында 88 жастағы зейнеткерді ұрып өлтірген жігіт сотталды
  • Екі баласын қараусыз қалдырған келіншекке айыппұл салынды
  • Ембіде мектеп басшысы көшеде дәрет сындырған
  • Түрмеге ішімдік тасыған мұғалжарлық айыппұл төлейді
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге