Кейуананы ыстық үтікпен азаптап өлтірген ерлі-зайыптылар сотқа келді

    Ақтөбеде 91 жастағы кейуананы азаптап өлтірген ерлі-зайыптылар сот алдында жауап бермек. Бұл жөнінде облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотынан хабарлады.

    Қылмыс биыл ақпан айында жасалған. Айыпталушылар орындығында отырған ерлі-зайыптылар азаматтық некеде тұрады. Хромтаудан қыдыра келген екеу теміржол вокзалының маңынан жалға пәтер алады. Кейін ішімдік алуға дүкенге барады. Сол жерде әйел өздерімен көрші тұратын 91 жастағы кейуанамен танысады. Жалғызбасты қария еш күдіктенбестен бәрін жайып салады. Екі қызының Ақтөбеде, ал ұлының Украинада тұратындығын айтады. Алдын-ала сөз байласқан екеу осыдан соң қарияны тонамақ болған. Қонақққа келдік деген желеумен пәтерге еш қиындықсыз кіреді. Қарияны ұрып, білегіне ыстық үтік басады. Соңыра оны буындырып өлтіреді. Үйден бағалы зат таппаған күдіктілер зейнеткердің қол сөмкесін, моншағы мен жемпірін ұрлап кетеді.

    Ерлі-зайыпты екеуге Қылмыстық кодекстің екі бірдей бабы бойынша айып тағылуда. Оларға қарақшылық шабуыл жасап, адам өлтірді деген күдік келтірілуде. Кінәсі дәлелденсе, 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

    Белгілісі, күдіктілер наркологиялық диспансерде есепте тұрған. Қылмысты да ішімдік ішкен күйі жасаған. Осыған дейін де бірнеше рет істі болған. 41 жастағы әйел бұған дейін ұрлық жасап, адам тонағаны үшін сотталған. Ал қарақшылығы үшін істі болған ер адам осыдан 4 жыл бұрын бостандыққа шыққан. Басты сот талқылауы 21 маусымға белгіленді

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбе облысында 88 жастағы зейнеткерді ұрып өлтірген жігіт сотталды
  • 43 жастағы жігіт ит етін бөліп жеген бөтелкелесін пышақтап өлтірді
  • Әйелін қызғанып, адам өлтірді
  • Ақтөбеде тапа-тал түсте зейнеткерді тонап кетті
  • Жұмыссыз әйел қызын боқтағаны үшін азаматтық некедегі күйеуін пышақтап тастады
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге