Полковник күдікті ретінде қамауда болады

    Полковник Ғалымжан Жантөриннің қамауға алу туралы санкциясын сот қанғаттандырды. Соттың ұйғарымынша, пара алғаны үшін күдікті тергеу амалдарына ықпал етіп, жауапкершіліктен жалтарту мүмкін. Соған сәйкес ағымдағы жылдың 14 тамызына дейін қамауда отырады.

    Сот материалдарына сәйкес, Ақтөбе облысының Қорғаныс істері департаменті басшысы Ғалымжан Жантөрин өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, бірнеше мәрте пара алған деп күдікті ретінде танылып отыр. Парадан бөлек, ол қарамағындағы қызметшілерге “қамқорлық” жасап, олардан да ақша бопсалағандығы мәлім болды.

    Осылайша, 2016 жылдың 24 мамырында Жантөрин өзінің “қамқорлығы” үшін Қорғаныс істері бойынша бөлім басшысы Балтеміровтен 100 мың теңге талап еткен. Өз кезегінде Балтеміров Жантөриннің оның жұмысына кері ықпал ете алатындығын түсініп, департамент басшысының талабын қанағаттандыруға мәжбүр болады.
    25 мамырда Балтеміров Әйтеке би ауданынан әскерге шақырылғандармен бірге облыстық департаментке келеді. Ол Жантөриннің бөлмесіне кіріп, оған 50 мың теңге көлемінде пара берді.

    Сондай-ақ, Жантөрин әскерге шақырылғандарды кейінге қалдыру сияқты мәселелерді де шешкен. Бұл ретте Мұғалжар аудандық қорғаныс істері бойынша бөлім басшысына әскерге шақыртылғандардың бірі мерзімді шегеру туралы өтініш жасаған. Бұл өтінішті мұғалжарлық басшы Жантөринге жеткізеді. Өз кезегінде Жантөрин бұл өтінішті қанағаттандыру үшін 10 мың теңге сұраған. Сонымен қатар Мұғалжар аудандық қорғаныс істері бойынша бөлім басшысы ендігі ретте өз баласының мәселесін шешіп беруді сұраған. Осылайша, аудандық басшы Жантөринмен сөйлесе отырып, ұлының әскерге шақырылуын кейінгі уақытқа қалдыруды өтінген. Бұл қызмет үшін де Жантөрин 10 мың теңге талап еткен.

    2016 жылы 14 мауысымда Ғалымжан Жантөрин құрықталып, Ақтөбе қаласының уақытша қамау абақтысында отыр.
    Қорғаныс істері департаменті басышысының қылмысы сотта дәлелденіп жатса, оның бар мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбе облысының қорғаныс істері департаменті басшысы ұсталды
  • ҚР ҰҚК-нің қызметкеріне пара берген сержант сотталды
  • Болашақ сарбаздардың арасында көз ауруы көп
  • Тергеуші пара алғаны үшін айыпталуда
  • Қаржы бақылау инспекциясының басшысы пара алды деп айыпталуда
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге