Ақтөбеде 9  жастағы бала резервуарға құлап кеткен

Кәмелетке толмаған бала элеватор жақта ойнап жүріп, тереңдігі шамамен 10 м болатындай астық сақтайтын резервуарға құлап кеткен.

 Еркежан СЕРІК

kerekinfoaktobe@gmail.com

 30 мамыр күні сағат 23:31-де 102 телефонына хабарлама келіп түсті. Сағат 17:00-де Жанқожа батыр көшесіндегі үйлердің ауласынан 2013 жылғы кәмелетке толмаған бала жоғалып кеткен. Бұл туралы ПД баспасөз қызметі хабарлайды.

 

  • Полиция қызметкерлері, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі полиция инспекторлары іздестіру нәтижесінде элеватор ғимараты жанын тексерген уақытта Элеваторный көшесінде тереңдігі 10 м болатын резервуардан баланы тапты. Жағдайы өте нашар болды. Полиция қызметкерлері мен құтқарушылар баланы резервуардан көтеріп шығарды. Қазіргі таңда бала облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөлімінде.

Ақтөбе облысы ПД ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді.

Әлеумет
10:30, 01 июнь 2022
617
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив