Мейіржан Өндіргенов : Мен қылмыскер емеспін

    Ақтөбеде бір жылдан астам қамауда отырған миллиардер депутатқа қатысты атышулы қылмыстық іс аяқталуға жақын. Экс-депутат Мейіржан Өндіргенов соттағы соңғы сөзін айтты.

    Өзіне қатысты қылмыстық кодекстің бес бірдей бабы бойынша іс қозғалған депутат кінәсін мойындаған жоқ.
    -Тергеу абақтысында жатқаныма бір жылдан асты. Талай ойландым. Алайда не үшін абақтыға қамалғанымды әлі түсінген жоқпын. Маған тағылған айыптардың дәлелденбегеніне көзім жетті. Маған қылмыстық топ құрды деген айып тағылды. Мен бұған түбегейлі қарсымын. Мен қылмыстық топ құрған жоқпын. Соңғы 10 жылдың ішінде “Емшан” компаниясында талай жұмыс жасалды. 2006 жылы онда 500 адам жұмыс жасаса, қазір олардың саны үш есе көбейді. Оларға үй мен көлік беріп, әлеуметтік мәселелерін шештім,-деді ол.
    Ол үстінен шағым түсірген бұрынғы әріптесі Бауыржан Пірмановқа сенгені үшін өкініш білдірді.
    - Менің бар қатем - Пірмановқа сенім артқанымда. Ол 2012 жылы жұмыстан кеткеннен кейін арыз жазды. Алайда сол кезде бұл мәселе шешілген. Үш жылдан соң ол қайтара шағымданып, мені абақтыға қаматып отыр. Оның ешқандай дәлелі жоқ, жала жауып отыр. Ол менен ақша алғысы келеді. Пірманов дәлелсіз арыз жазғаны үшін Алланың алдында жауап береді. Ол адамдардың бетіне қарай алмайтын болғасын сотқа келмей отыр,-деген Мейіржан Өндіргенов “бюджет қаржысын жымқырды” деген айыптаумен де келіскен жоқ.
    - Бюджеттің қаржысын ұрлады деген айыптаумен де келіспеймін. Бізді халықты жеңілдікпен және тегін тасымалдауға міндеттеді. Әкімдік бұған өзі қаражат бөлді. Бұл жұмысты автопарк орындады. Енді маған сол ақшаны ұрлады, қайтып бер деп отырғандығы түсініксіз. 2009-2015 жылдың аралығында ˝жеңілдікпен тасымалдау болған жоқ˝ деп ешкім шағымданған жоқ. Халық кім тегін, кім жеңілдікпен жүргенін жақсы біледі. Сотқа дейінгі тергеу амалдары заңсыз жүргізілді. Менің үйімнен, жұмыс орнымнан қаражат шыққаны рас. Алайда бұл қаржы кәсіпорындарға тиесілі. Өзім 90 жылдардан бері кәсіппен айналыстым. Жеке мүлікті заңдастыру талабына сәйкес өзіме тиесілі 2 ,7 млн евро мен 1,6 млн евроны өз атыма тіркеттім. Маған алаяқтық жасады деген айып тағуда. Мен кімді алдап, кімнің сеніміне кіріппін? Қала әкімінің бе әлде депутаттардың ба? Бұл миға қонбайтын зат, адамгершілікке қонбайтын нәрсе - деп ашынған депутат әріптестері мен туыстарынан кешірім сұрады.
    -Мен өзіммен бірге жұмыс жасаған ұжымымнан кешірім сұраймын. Олардан қорқытып жауаптар алды. Ешқайсысын кінәламаймын. Қасымда 7 айдан бері отырған Ербол Әділовтен кешірім сұраймын. Ол маған қарсы жауап бермегені үшін қазір қасымда отыр. Отбасы, ағайын-туыстан кешірім сұраймын. Олар осындай үлкен қылмыс жасады деп жала жапқаннан кейін әбігерге қалды. Құрметті сот, мені бас бостандығымнан айырмауыңызды сұраймын. Әділ шешеді деп сенемін. Мен қылмыскер емеспін. Ол ақшаны бөліп-бөліп қайтаруға да дайынмын, -деді депутат
    Экс-депутат әлі де аяқталмай қалған жұмыстары бар екенін айтты.
    -2015 жылы силикат зауытын салуды жоспарлаған едім. Тағы 500 адамға жұмыс тауып берер едім. Алайда қамауға алынғаннан бері ол жұмыс тоқтап қалады. Менің әлі де қоғамға пайдам тиеді, - деді ол.
    Мейіржан Өндіргеновтің “сыбайласы” деп айыпталған Ербол Әділов те өз кінәсін мойындамады.
    Айта кетелік, мемлекеттік айыптаушы бұған дейін оны 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді. Ал Ербол Әділовті 8 жылға қамауды сұрады. Атышулы іске сот үкімі 1 тамызда шықпақ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Өндіргенов соңғы сөзін 22 шілдеде айтады
  • Мейіржан Өндіргенов өзіне тағылған айыпты мойындаған жоқ
  • Қамаудағы Мейіржан Өндіргенов үйқамаққа шықпайтын болды
  • Депутат Өндіргеновтің сенімді серіктерінің бірі ұсталды
  • Мейіржан Өндіргенов 5 эпизод бойынша ақталып шықты
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге