Ақтөбеде сүйіктісін суицидке итермелеген жігіт абақтыға қамалды

    Ақтөбеде азаматтық некедегі әйелін жалаңаш суреттерімен бопсалап, өз-өзіне қол жұмсауға мәжбүрлеген жігітке сот үкімі шықты. Бұл жөнінде облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

    Даудың басы жәбірленушінің сотталушыға онымен қарым-қатынасын үзетіндігін айтуынан басталған. Бұған ызаланған 25 жастағы ер адам оның жалаңаш суреттерін “WhatsApp” арқылы ұялы телефонға жібереді. Суреттерді әлеуметтік желіге жариялайтындығын айтып, қоқан-лоқы жасайды. Мұны көрген әйел өлер алдында хат жазып, “Энап” дәрісінің 10 түйірін ішеді. Алайда ауруханаға жеткізілген жәбірленуші аман қалады. Кейін суицидке итермелегені үшін бұрынғы сүйіктісінің үстінен полицияға шағымданады. Бұл істі шешу үшін сотталушы жәбірленушіні кездесуге шақырады. Әйелді елсіз жерге көлікпен ұрлап әкеткен ер адам оны соққының астына алады. Кірпішпен басынан бірнеше рет ұрады. Кейіннен оны полицейлер Қарғалы ауданының Қосестек ауылының тұсында қолға түсіреді. 25 жастағы жігіт бұрын қарақшылық жасағаны үшін екі рет сотталған. Осыны ескерген сот оны кінәлі деп тауып, 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Жәбірленушіге шеккен азабы үшін сотталушыдан 550 мың теңге өндіріп беруге шешім шықты.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Қызғаныштан әйелін қала сыртына апарып сабаған
  • Трактор зауытының күзетшісін өлтірген ер адам сотталды
  • Ақтөбе облысында 88 жастағы зейнеткерді ұрып өлтірген жігіт сотталды
  • Әйелін қызғанып, адам өлтірді
  • Студенттерге қоқан-лоқы көрсеткен екі жігітке үкім шықты
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге