Ақтөбеде адам өлтіріп, такси жүргізушісін ұрлаған қарақшылар сотталды

    Ақтөбе облысында көлік жүргізушісін 14 жерден пышақтап өлтірген Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылының тұрғындарына сот үкімі шықты. Қылмыскерлердің бірі 23 жыл 6 ай мерзімге абақтыға қамалды. Ал екіншісі мүлкі тәркіленіп, 20 жылға сотталды.

    Сотталушыларға қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айып тағылды. Олар көлік айдап әкетіп, адам ұрлағаны және қарақшылық шабуыл жасап, адам өлтіргені үшін кінәлі деп танылды. Сот үкімін Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Нұрлан Сұлтановтың өзі шығарды. Оның айтуынша, қылмыскерлер алғашқы қылмысын биыл 24 наурыз күні Қандыағашта жасаған. Ішімдік ішкен екеу кешкілік Ақкемерге қайтпақ болады. Алайда ауылдарына қайтатын жолпұлы болмаған. Сондықтан, олар жол бойынан такси ұстап, қолдарындағы пневматикалық қарумен оны қорқытпақ болады. Бірақ, өзара сыбырласқан екеудің әрекетінен жүргізуші сезіктеніп қалады. Қандыағашқа кірер жолда көлігін тоқтатып, олардың сыртқа шығуын талап етеді. Ақыры сотталушылар қарумен қорқытқандықтан, көлігін тастай қашуға мәжбүр болады. Кейін сотталушылар машинаны Елек ауылының тұсында тастап кетеді. Дегенмен көп ұзамай полицейлердің қолына түседі. Үш күн аудандық ІІБ жатқан сотталушылар кепілмен үйлеріне жіберіледі.

    -Сот отырысы кезінде олардың көлік айдап әкетуді жоспарламаған-дықтары белгілі болды. Сотталушылар жүргізушіні атуға жарамсыз құралмен қорқыту арқылы ауыл-дарына жетіп алмақ болған,-дейді Нұрлан Сұлтанов

    Алайда қылмыскерлер мұнымен шектелмеген. Осы оқиғадан соң олар тергеушінің шақыртуы бо-йынша Қандығашқа келеді. Полицияға барғысы келмеген екеу ішімдік ішіп, таксимен Ембіге жол тартады. Жол бойында жүргізушінің көлігін иемденіп, өзінің аяқ-қолын байлап, ұрлап әкетеді. Бірақ орта жолда көліктері тоқтап, басқа бір жүргізушіден көмек сұрайды. Ақыры ұрлаған көліктері жүрмей қалғандықтан, оның автокөлігін алып кетпек болады. Қарсылық танытқан ер адамды қарақшылар 14 жерден пышақтайды. Кейін марқұмның өлі денесін далаға лақтырып, оның көлігіне ауысып мінеді. Осыдан соң сотталушылар Ембі қаласында ішімдік алу үшін дүкенге кіреді. Осы сәтті пайдаланған такси жүргізушісі қолын шешіп, қашып үлгереді. Өзін ұстап алмақ болғанда, айқайлап, өзгелерді көмекке шақырады. Айқай-шудан қорыққан екеу көлікке мініп, қашып кетеді. Алайда Шалқардың Қотыртас ауылында көліктері батпаққа батып қалады. Мас күйінде ұйықтап жатқан екеуді ертеңгісін полиция қолға түсіреді.

    9 қыркүйек күні ақкемерлік Ислам Битулин мүлкі тәркіленіп, 23 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сотталушы бұған дейін қарақшылық жасағаны үшін сотталған. Алайда жаза мерзімін толықтай өтемеген. Сол себепті, ол жазасын ерекше тәртіптегі колонияда өтейді. Ал екінші сотталушы Бақтыгерей Қоңқаев өмірінің 20 жылын енді қатаң тәртіптегі колонияда өткізеді. Олар түзеу мекемесінде маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емделеді. Бұған қоса сот сотталушылардан марқұмның туыстарының пайдасына 3 млн теңге моральдық шығын өндіріп берді. Қайтыс болған көлік иесі мен такси жүргізушісінің көліктерін жөндеп беруді міндеттеді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Адам қағып өлтірген ауыл әкімі 5 жылға сотталып кетті
  • Сириядағы соғысқа қатыспақ болған 12 ақтөбелік сотталды
  • Ақтөбеде есірткі сатқан нашақор 10 жылға сотталды
  • 43 жастағы жігіт ит етін бөліп жеген бөтелкелесін пышақтап өлтірді
  • Шалқарлық жігіт 22 жылға сотталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге