Танысын атып өлтірмек болған ембілік жігіт 8 жылға сотталды

    Ақтөбеде танысын өзіне ұнамағаны үшін аңшылық мылтықпен атқан ембілік жігіт 8 жылға бас бостандығынан айрылды. 22 жастағы жігіт жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтейді.

    Оқиға биыл 18 наурыз күні Жем қаласындағы базар маңында болған. Күдікті өзінен 6 жас үлкен танысын 16 калибрлі аңшы мылтығымен екі рет атқан. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың мәліметінше, жігіт өз танысын атып өлтірмек болған. Алайда оқ-дәрісі таусылғандықтан және біреу көріп қалады деген қорқыныш салдарынан ойын ақырына дейін жеткізе алмаған. Соның салдарынан жәбірленуші ауыр дене жарақатын алды. Сотталушының қару кезенуіне араларындағы ашу-араздық себеп болыпты. Үш күннен кейін сотталушы Ақтөбеде қолға түсті. Бұл жолы одан тіркелмеген заңсыз газды қару мен патрондар тәркіленген. Сот отырысы кезінде сотталушы танысын атып өлтіру ойы болмағандығын, тек қорқытпақ болғандығын айтып ақталды.
    16 қыркүйек күні заңсыз қару сақтап, адам өлтіруге оқталған жігіт 8 жылға сотталды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ембілік жігіт танысын өзіне ұнамағаны үшін аңшылық мылтықпен атқан
  • Трактор зауытының күзетшісін өлтірген ер адам сотталды
  • Ақтөбеде есірткі сатқан нашақор 10 жылға сотталды
  • Бала атып алған қобдалық бір жылға сотталды
  • Шалқарлық жігіт 22 жылға сотталды
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге