Көлік педальдарын шатастырған әйел кейуананы қағып өлтірді

    Ақтөбеде газ бен тежегішті шатастырып, қарт әжейді қағып өлтірген әйел сотталды. Түрмеге қамалған көлік иесінің 3 жастағы қызы бар.

    Оқиға биыл 24 мамырда Тургенев көшесінде болған. Сол күні 27 жастағы әйелге күйеуі “Опель-Астра” автокөлігін сыйлаған. Көлік тізгініне отырған ол Бейбітшілік даңғылынан Шәмші Қалдыаяқов көшесіне қарай бағыт алған. Көшелердің қиылысында әйел жолда жүру ережесін бұзып,оңға бұрылмақ болды. Сөйтіп, газ бен тежегішті шатастырып алды. Жылдамдығы артқан көлік 74 жастағы зейнеткерді қағып өтіп, қарсы бетте келе жатқан “Лада” автокөлігімен түйіседі. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ауыр жарақат алған кейуана ауруханаға жеткізіледі. Алайда он күндей ес-түзсіз жатқан әйел көз жұмады.

    Сот отырысы кезінде марқұмның қызы сотталушыны кешірмейтінін айтты.
    -Ол үш айдан бері кешірім сұрап, бір келген жоқ. Ананы жоғалту ешқандай материалдық және моральдық шығынмен өлшенбейді. Сондықтан, мен одан қандай да бір өтемақы талап етуден бас тартам. Қатаң түрде жазаланғанын қалаймын, -деді көз жасын тия алмаған жәбірленуші.
    Ал сотталушы бұған дейін марқұмның отбасынан кешірім сұрауға ар-ұяты жібермегенін айтады.
    -Мен шын ниетіммен өкінемін. Кешіріңіздерші мені,-деді Крестина сотта.
    Сотталушының жолдасының айтуынша, жол апаты болатын кезде көліктің алдына “Тойота-Раф-4” автокөлігі тоқтаған. Сол кезде әйелі “Джиппен” түйісіп қалмас үшін көлігін оңға бұруға мәжбүр болған. Жол қиылысында дуал болған. Сол себепті, әйелі жаяу жүргінші жолымен жүріп келе жатқан егде жастағы әйелді байқамай қалыпты.

    Мемлекеттік айыптаушы Жанар Қабдышева көлік иесін 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруды сұрады.

    19 қыркүйек күні Ақтөбедегі №2 қалалық сот 27 жастағы әйелді 2 жылға бас бостандығынан айырып, қоныс колониясына жазасын өтеуге жіберді. Сотталушының 3 жастағы кішкентай қызы бар.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде көлік педальдарын шатастырған әйел кейуананы қағып өлтірді
  • Қызы әкесінің өлімі үшін 7 млн теңге талап етуде
  • Жол апатына кінәлі жігіт жазаланды
  • Көлік қағып қайтыс болған адам анықталды
  • Жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге