Ақтөбеде 20 кәсіпкердің шоттары заңсыз бұғатталған

Ақтөбе облысының прокуратурасы облыстық мемлекеттік кірістер органдарымен биылға камералдық бақылау жасады. Нәтижесінде 20 кәсіпкерлік субъектісіне хабарлама қойылып, шоттарын бұғаттауға әкеп соққанын анықтады.

Еркежан Серік

kerekinfoaktobe@gmail.com

Хабарламалар кәсіпкерлердің қызметіне кері әсерін тигізген. Қойылған хабарламалардың заңдылығын зерделеумен прокуратура оларды негізсіз деп танып, қадағалау актісін енгізді.

Нәтижесінде салық органының шешімі жойылып, кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды. Ал кәсіпкерлер өз қызметіне қайта кірісті.

Салық органының басқа да актілерінің заңдылығын тексеру жалғасуда.


Әлеумет
09:38, 09 октябрь 2023
618
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив