Мұғалжар ауданында балалары үшін ренжіскен ата-ана мұғалімді “екіге оқығансың” деп сөкті

    Мұғалжар ауданында балалар арасындағы кикілжіңнен соң мектеп мұғалімі өз ауылдасын ар-намысын қорлағаны үшін сотқа берді. Айтуынша, әйел оны “екіге оқығансың” деп сөгіп, күйеуі мен туыстарына тіл тигізген. Мұнымен қоймай, аяғы ауыр бола тұра, оның қолынан тырнап алыпты.

    Оқиға биыл сәуір айында Мұғалжар ауылына қарасты Алтынды ауылында болған. Шағымданушының сөзінше, сол күні 11 жастағы баласы үйге жылап келіп, өзіне балалардың тиіскендігін айтқан. Балаларын жақтаған ата-аналардың бірімен сөзге келген әйел кейін сотқа жүгінген. Айтуынша, ұрыс-керіс кезінде әйел мектепте сабақ беретін оны “екіге оқығансың, топассың ” деп сөккен. Көршілері мен оқушыларының көзінше күйеуін маскүнем деп ар-намысына тиіпті. Тіпті, аяғы ауыр екенін біле тұра, қолынан тырнап алған көрінеді.

    Алайда сот отырысы кезінде сотталушы әйел өз кінәсін толық мойындаған жоқ. Шағымданушы әйел өзімен бір мектепте оқыған. Сол себепті өзін тілдеп, ұрысуын тоқтатпаған оған “двойчниксің” дегені рас көрінеді. Жаман сөз айтқан оның баласын “тіліңді жұлып алам” деп те қорқытқан. Алайда мектеп мұғалімінің жеке өміріне тіл тигізбеген әрі ешқандай жарақат та салмаған. Бар болғаны, қолы саусағын сермей сөйлеген әйелден баласын қорғамақ болған кезде абайсызда тиіп кетіпті.

    Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотының хабарлауынша, куәгерлерді тыңдап шыққан судья әйелді кінәсіз деп тапты. “Екіліксің” деген сөз екеуара ұрыс кезінде айтылғандықтан, cот сотталушы мұны әдейі жасамаған деп тапты. Сөйтіп, қылмыс құрамы болмағандықтан сотталушыны ақтап шықты. Алайда мұнымен келіспеген әйел облыстық сот алқасына апелляциялық шағым түсірген. Бірақ, бұл жолы да жеңіліс тапты. Істі қайта қараған сот апелляциялық шағымды қанағаттандырусыз қалдырды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбелік интернет арқылы өзін балағаттаған әйелді сотқа берді
  • Ақтөбе облысында әйел адам несие үшін бұрынғы күйеуін пышақтап тастады
  • Ақтөбеде көктайғақта құлаған әйел қайтыс болды
  • Күйеуін балталап өлтірген әйел сотталды
  • Күйеуін қызғанған әйел сотталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге