Ақтөбелік террористер соңғы сөзін 21 қарашада айтады

    Ақтөбеде 5 маусым күні қанды қырғын жасаған лаңкестердің ісі аяқталуға жақын. Сотталушылар өзінің соңғы сөзін 21 қараша күні айтады. Бұл жөнінде облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

    Облыстық соттың хабарлауынша, террористерге қатысты сот жарыссөзі аяқталды. Мемлекеттік айыптаушылар теракт жасаған 9 адамның 7-еуін өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады. Мүлкі тәркіленген сотталушылар жазасын ерекше тәртіптегі колонияда өтеуі тиіс. Ал лаңкестік оқиғаға қатысқан Айдос Жұбановты 25 жылға, ал Азамат Әбдірахмановты 22 жылға соттауды талап етуде.
    Сондай-ақ прокурорлар қылмыс туралы хабарламаған 18 адамды 1 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын айыруды сұрады. Ал лаңкестерді пәтерінде жасырғаны үшін айыпталған Мерлан Ердауов 4 жылға сотталуы мүмкін. Ал дәл осындай қылмысы үшін айыпталушылар орындығында отырған У. Өтеповтің 4 жылға бас бостандығы шектелуі мүмкін. Кінәларын мойындаған сотталушылар өздерін қатаң жазаламауын сұрап отыр. Қорғаушылары да оларды өмір бойына бас бостандықтарынан айырмағандықтарын қалайды. Ал лаңкестік оқиғаға қатысқаны үшін айыпталған Айдос Жұбановтың адвокаты соттан өз қорғауындағы адамды кейбір айыптау баптары бойынша ақтауды сұрайды.
    Естеріңізге сала кетелік, Ақтөбеде болған терактке қатысты 29 адам сотталып жатыр. Оның 9-ы лаңкестік оқиғаға қатысқаны, ал 18-і қылмыс туралы хабарламағаны үшін айыпталуда. Ал тағы 2 адамға қылмысты жасырғаны үшін күдік келтірілуде.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбелік террористер не үшін лаңкестік әрекетке барғандарын айтты
  • Ақтөбелік террористер не үшін лаңкестік әрекетке барғандарын түсіндірді
  • Лаңкестерді қамау мерзімі 4 айға ұзартылды

  • “Сирия ісі” құпия қаралып жатыр
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге