Ақтөбелік азаматша анасының өлімі үшін “Автопарктен” өтемақы талап етуде

    34 жастағы келіншек автобус жүргізушісі қағып, қайтыс болған анасының өлімі үшін өтемақы талап етуде. Ол “Автопарк”ЖШС-нің 40 миллион теңге материалдық шығын төлегенін қалайды.

    Жол апаты былтыр желтоқсан айында 12 мөлтек ауданында болған. № 22 бағыттағы автобус жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолында қарт әйелді қағып кеткен. Алған жарақаты салдарынан зейнеткер екі күннен соң ауруханада көз жұмады. 32 жастағы жүргізушінің үстінен қылмыстық іс қозғалады. №2 Ақтөбе қалалық сотының шешімімен ол 2 жыл 6 айға сотталған. Бұған қоса көлік жүргізу құқығынан 5 жылға айрылады. Таяуда анасынан айрылған ақтөбелік келіншек “Автопарк”ЖШС -гін сотқа берді. Ол жүргізуші жұмыс істеген кәсіпорынның да анасының өлімі үшін жауап бергенін талап етуде.
    -Мен анамның өлімі үшін 40 миллион теңге моралдық шығын талап етемін. Бұл үшін “Автопарк” ЖШС-гі жауап беруі тиіс. Оларға ешқандай тыйым жоқ. Адамдар жаяу жүргіншілер жолында қайтыс болып жатыр. Анам жолға жүгіріп шықса, түсінер едім. Тергеу жүрген кезде жүргізушінің бұл мекемеде жұмыс істегеніне небәрі он бес күн болғаны анықталды. Ол сол кезде бұған дейін көлік жүргізгенмен, автобусқа отырмағанын мойындады. Қорқып кеткенін айтты. Мұндай адамдарды қалай жұмысқа алады? Бұл жауапкершілік қой,-дейді шағымданушы Б.
    Алайда “Автопарк”ЖШС-гінің өкілі кәсіпорынға тағылған айыппен келіспейді.
    -Сізге қайғырып көңіл айтамын. Жақын адамнан айрылған өте қиын. Жүргізуші жазасын алып, сотталды. Біз оның кінәлі екенін жоққа шығармаймыз. Жәбірленуші тарап жол апатына кінәлі адамнан материалдық шығын ретінде 1 млн теңге алды. Сақтандыру ақысы төленіп, жерлеу рәсіміне көмек көрсетілді. Сондықтан 1 жыл өткеннен кейін мұндай көлемде моралдық шығын талап ету дұрыс емес деп ойлаймын. Алайда бұған кәсіпорынның қандай кінәсі бар екенін түсінбеймін. Жүргізушіні жұмысқа алғанда оның қолында автобус жүргізуге рұқсат құжаты болды. ІІД-і жүргізуші куәлігін бергендіктен, біз оны жұмысқа қабылдауға міндеттіміз. Мұндай жағдайға кез келген жүргізуші тап болады. Тіпті 50 жылдық стажы бар адамның жол апатын жасауы әбден мүмкін, -дейді заңгер Руслан Жылқаманов.

    Дегенмен жәбірленуші “Автопарк”ЖШС-і өз қызметкері үшін жауапты екенін айтады. Айтуынша, жүргізуші 1 миллион теңгенің жартысын несиеге алған. Қалғанын әріптестері жинап беріпті.
    -Алғым келмеген. Алайда ол “арым таза болсын” деп алмасыма қоймады. Жалдамалы пәтерде тұрғандықтан, басқа ақшасы жоқтығын айтты. Бірақ мұның моралдық шығын екендігін айтқан жоқ. Сақтандыру қаржысын да төледі.Мұның барлығы материалдық жағы. “Автопарк” ЖШС өкілі 40 миллион теңге тым көп деп отыр. Сіз маған адам өмірінің құнын айтыңызшы?! Егер сіз мына заңда көрсетілген десеңіз, мен сол соммаға өзгертіп жазып берейін. Сіңілім екеуміз анасыз қалдық.Ол 60 жаста, денсаулығы да жақсы болатын. Менің кішкентай қызым бар. Мен тұрмыста болмағандықтан, анам оны өзі өсірді. Қызым әлі күнге дейін “Әжем қайда?” деп сұрайды. Мен не деп жауап беруім керек?! Қайғыны көтере алмай ағасы ауырып қалды. 40 күннен кейін жақын құрбысы да қайтыс болды. Бәріміз қайғырдық,-дейді шағымданушы.
    Руслан Жылқамановтың айтуынша, жүргізушінің “Автопарк”ЖШС-гінде жұмыс істегеніне көп болмаған. Бұрын жауапкершілікке тартылмаған. Сөзінше, Ақтөбеде автобус жүргізушілерін даярлайтын мекемелер аз. Кадр жетіспегендіктен, қоғамдық көлік жүргізуге рұқсаты бар жүргізушіні қызметке алуға мәжбүр. Дегенмен жүргізушілерге жұмысқа қабылдау кезінде қозғалыс қауіпсіздігі туралы нұсқама жүргізіледі. Сот отырысы жалғасып жатыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Қызы әкесінің өлімі үшін 7 млн теңге талап етуде
  • Ақтөбелік тұрғын дәрігерлерден 10 миллион теңге талап етуде
  • “Автопарк” жүргізушісі: қателігімді мойындаймын
  • “Автопарк” жүргізушісі өз кінәсін толықтай мойындады
  • Көлік жүргізушісі “Автопарк ” ЖШС сотқа берді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге