Күйеуін өлтірді деп айыпталған келіншек ақталып шықты

    Ақтөбеде өз күйеуін пышақтап өлтіргені үшін айыпталған келіншек сот залынан бостандыққа шықты. Сот оның әрекетін қорғану деп бағалады

    8 желтоқсанда өз күйеуін пышақтап өлтіргені үшін айыпталған 28 жастағы келіншекке сот үкімі шықты. Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот Әйгерім Қауқанованы ақтап, қамаудан босатты.
    Оқиға биыл 16 сәуірде Алға қаласында болған. Сот барысында анықталғандай, сол күні түнде ерлі-зайыптылар достарымен демалуға шығады. Дәмханада келіншекті бейтаныс жігіт биге шақырады. Кешкілік Әйгерім сыныптасын кездестіреді. Жігіт дос ретінде оның бетінен сүйеді. Осыны желеу еткен күйеуі ішімдік ішкен күйі қызғаныштан жанжал шығарған. Үйіне келген бетте әйелін жұдырықпен және ағаш оқтаумен ұрып-соғады. Өзара дау кезінде күйеуінің таяғынан қорғанған әйел оның пышақ ұстаған қолын артқа қайырып, өзінен әрі қарай итеріп жібереді. Кеуде тұсына пышақ тиген ер адам сол жерде көп қан жоғалтқандықтан, көз жұмған. Сотта Әйгерім күйеуінің қанын тоқтатып, көршілеріне жедел жәрдем шақыртқандығын да айтқан.
    Әйгерім мен Тимур 2013 жылы үйленген, ортақ бір ұлы бар. Бұған дейін де келіншек құрбыларына күйеуімен ажыраспақ ойы бар екенін айтқан. Айтуынша, ішімдік ішкен күйеуі оны жиі ұрып-соғады екен.

    28 жастағы келіншек қасақана адам өлтіргені үшін айыпталған еді. Мемлекеттік айыптаушы оны өзін қорғағаны үшін қылмысқа барғандықтан, 2 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Алайда судья Ахметқали Молдағалиев қылмыс құрамының болмауына байланысты 8 айдан бері қамауда отырған келіншекті ақтап шықты. Үкімді естіген туыстары жылап жіберді.
    - Біз бір жігітпен таныстым, тұрмысқа шығам дегенде қатты қуандық. Әйгерімнің анасы қайтыс болған, сондықтан оны жалғыз қалмайды деп ойлаған едік. Басында бәрі жақсы болды. Бала босанғаннан кейін күйеуі оны қызғана бастады. Өзіне көп көңіл бөлгенін қалады. Қазір үш жасар баласы қайынатасының қолында. Жақында қолымызға аламыз. Шешімге ризамыз,-дейді Әйгерімнің нағашы апасы Алтынай Аймағанбетова.
    Адвокат Жұмабай Арыстановтың айтуынша, Әйгерім бала кезінен еркін күреспен, дзюдомен айналысады. Өзіне пышақ кезенген күйеуінің әрекетінен аман қалуына спортпен шұғылдануы да себеп болуы мүмкін.

    Қылмыстық істі тергеу барысында кемшіліктерге жол берілгені анықталды. Тергеуші Нұрсейітова хаттамада Әйгерімнің қолына пышақ алып, күйеуін өлтіргені туралы жазған. Алайда тергеу кезінде ол өзін өлтірмек болған күйеуін итеріп жібергендігі туралы айтқан. Сот қылмыстық процессуальдық кодекс талаптарын бұзғаны үшін ІІД мен прокуратураның атына жеке қаулы шығарды.
    Айта кетелік, бұл-Ақтөбеде биылдыққа аса ауыр қылмыспен айыпталған адамға шығарылған екінші ақтау үкімі. Бұған дейін сот адам өлтіргені үшін айып тағылған Асқар Жұмашевті қамаудан босатқан еді. Сот залында оның әйелі кісі өлтіргенін мойындады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбе облысында әйел адам несие үшін бұрынғы күйеуін пышақтап тастады
  • Күйеуін өлтірген әйел 8 жыл 6 айға сотталды
  • Жұмыссыз әйел қызын боқтағаны үшін азаматтық некедегі күйеуін пышақтап тастады
  • Күйеуін балталап өлтірген әйел сотталды
  • Күйеуін қызғанған әйел сотталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге