Балдаққа сүйенген әйел көп қан жоғалтқандықтан сол жерде көз жұмған. Сотталушы марқұм мәйітті жасырып, қылмыс орнынан қашып кетеді.
Ақтөбеде 43 жастағы танысын өлтірген ер адам сот алдына келді. Оқиға биыл 15 қыркүйекте болған. Сот материалдарына қарағанда, 31 жастағы ер адам сол күні өзінен жасы үлкен екі бірдей әйелмен бірге ішімдік ішеді. Соңыра 67 жастағы әйелдің бірі ішілмей қалған бөтелкесін алып, өз үйіне кетеді. Ал қалған екеуі көңілді
отырыстарын жалғастырады. Сөз арасында әйел сотталушының бірге тұратын әйелін асырай алмағандығын, оның басқа ауқатты ер адамға кеткендігін айтады. Мұны еркектік намысыма тиді деген сотталушы оған пышақ тығып алады. Мойнынан бірнеше рет жарақат алып, қан жоғалтқан әйел сол жерде көз жұмады. Ер адам жамылғыға оралған мәйітті көшедегі бұталардың арасына апарып жасырады. Кейіннен оқиға орнынан қашып кетеді. Қазір бұл іс сотта қаралып жатыр. Ер адам қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлімі бойынша айыпталуда. Жұмыссыз сотталушы кінәсі дәлелденсе, 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге сотталуы мүмкін.