“Автопарк” анасынан айрылған ақтөбелікке 2 млн теңге төлейді

    Адам қағып өлтірген жүргізушісі үшін “Автопарк” ЖШС-гі марқұмның қызына 2 млн теңге төлейді. Бұл жөнінде Ақтөбе қалалық сотынан хабарлады.

    Жол апаты былтыр желтоқсан айында 12 мөлтек ауданында болған. № 22 бағыттағы автобус жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолында қарт әйелді қағып кеткен. Алған жарақаты салдарынан зейнеткер екі күннен соң ауруханада көз жұмады. 32 жастағы жүргізушінің үстінен қылмыстық іс қозғалған. №2 Ақтөбе қалалық сотының шешімімен ол 2 жыл 6 айға сотталған. Бұған қоса көлік жүргізу құқығынан 5 жылға айрылады. Сот үкімі биыл наурыз айында заңды күшіне де енді.
    Анасынан айрылған ақтөбелік азаматша “Автопарк”ЖШС-гін сотқа берді.Ол анасының өлімі үшін автобус жүргізушісі жұмыс істеген кәсіпорыннан 40 миллион теңге моральдық шығын талап етті.

    - Мен анамның өлімі үшін 40 миллион теңге моральдық шығын талап етемін. Бұл үшін “Автопарк” ЖШС-гі жауап беруі тиіс. Анам жаяу жүргіншілер жолында қайтыс болды. Жолға жүгіріп шықса түсінер едім. Тергеу жүрген кезде жүргізушінің бұл мекемеде жұмыс істегеніне небәрі он бес күн болғаны анықталды. Ол сол кезде бұған дейін көлік жүргізгенмен, автобусқа отырмағанын мойындады. Сіңілім екеуміз анасыз қалдық.Анам 60 жаста еді, денсаулығы да жақсы болатын, -деді сотта жәбірленуші.
    Дегенмен сот талап-арызды ішінара қанағаттандырды. Сот шешіміне сәйкес, 34 жастағы келіншектің пайдасына 2 000 000 теңге көлемінде моральдық залал өндірілмек. Талап арыздың қалған бөлігі қанағаттандырусыз қалдырылды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбелік азаматша анасының өлімі үшін “Автопарктен” өтемақы талап етуде
  • Қызы әкесінің өлімі үшін 7 млн теңге талап етуде
  • “Автопарк” жүргізушісі: қателігімді мойындаймын
  • “Автопарк” жүргізушісі өз кінәсін толықтай мойындады
  • Көлік жүргізушісі “Автопарк ” ЖШС сотқа берді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге