Теракт үшін айыпталған полицейлердің туыстары наразылық акциясын ұйымдастырды

    Ақтөбеде 5 маусымдағы терактіден кейін күдікке ілінген полицейлер Мақсат Шляшев пен Ермек Шоқановтың туыстары наразылыққа шықты. Олар тергеу органдары таққан айыппен келіспей отыр

    Жергілікті полиция қызметінің бұрынғы басшысы Мақсат Шляшев пен оның орынбасары Ермек Шоқановқа теракт кезінде лаңкестерге қарсы әрекет етпеді деген айып тағылған еді. Қазір олар кепілмен бостандықта жүр. Алайда олардың тергеуге алынғанына туыстары мен әріптестері қарсылық білдіруде.
    -Ақтөбеде әділдік жоқ. Оларды 8 жылға түрмеге отырғызғылары келеді. Менің күйеуім өз өмірін қауіпке тігіп, нұсқау бойынша жұмыс істеді. Паллада қару –жарақ дүкеніне шабуыл жасалғанын естіп, орынбасарымен бірге атыс болып жатқан жерге барды. Кейін Есет батыр көшесіндегі әскери бөлімге қарай бара жатқан автобусты көріп,ол туралы құзырлы органдарға хабар берген. Жергілікті полиция қызметі нысанды қоршап, тұрғындарды сол маңға жақындатпау керек. Менің күйеуім өзіне берілген міндетті орындады. Екі балам бар. Үшіншісіне аяғым ауыр. Егер күйеуім мен оның орынбасарын қамауға алса, мен өзімді өртеп жіберуден тайынбаймын,-дейді Сандуғаш Шляшева.

    Істің жарты жылдан кейін қозғалғанына полицейлердің бұрынғы әріптестері де күмәнмен қарайды. Олар Мақсат Шляшев пен Ермек Шукановқа қатысты қылмыстық қудалауды тоқтатуын талап етуде.
    Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың 5 маусымында радикалды топ 2 бірдей қару-жарақ дүкені мен әскери бөлімге шабуыл жасаған болатын. Атыс кезінде 3 әскери қызметкер мен 5 бейбіт тұрғын қаза тапты.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Теракт кезінде әскерилер дәретхана терезесі арқылы қашқан
  • Ақтөбеде 18 қазан күні террористердің соты басталады
  • Теракт: жергілікті полиция басшылары жауап беретін болды
  • Қару сататын дүкендерге айыппұл салынды
  • Ақтөбеде қару-жарақ дүкенінің сатушысы өз туған күнінде жерленді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге