Алаяқ 21 такси жүргізушісін алдап кетті

    Алаяқ 21 такси жүргізушісін алдап кетті

    Ақтөбе қаласында Темір ауданының тұрғыны 21 такси жүргізушісін алдап соқты. Ер адам олардың сеніміне кіріп, әрқайсысынан 4 мыңнан 15 мың теңгеге дейін жымқырған. Ұлының шығынын өтеу үшін әкесі үш жылқысын сойып, жәбірленушілерге ет үлестірген

    Ақтөбе соты ақтөбелік такси жүргізушілерін алдап соққан жігіттің ісін қарады. Іс материалдарына қарағанда, полицияға жеке тұлғаларды тасымалдаумен айналысатын 21 адам шағымданып, өздерінің 2015-2016 жылдар аралығында алданып қалғандығын айтқан.
    Жалған клиент жәбірленушілердің барлығын бір сценариймен тақырға отырғызған. Алдымен өзін Ақтөбе қаласындағы бірнеше мекенжайға жеткізіп салуын сұраған. Қолында таксиге төлейтін ешқандай ақшасы да болмаған. Соған қарамастан, такси жүргізушілерін қолындағы ірі купюралы ақшасын ұсақтағысы келмейтінін айтып сендірген. Мұнан кейін келген мекенжайында әлдебіреулермен есептесулері керектігін айтып, ақша сұраған. Жәбірленушілерге үйден шыққан соң, өзіндегі тұтас ақшаны ұсатып есептесетінін айтып алдаған. Осындай сценариймен ол әр адамнан 4 мыңнан 15 мың теңгегеге дейін жымқырып кеткен. Яғни алдау арқылы барлығы 166 мың теңгені қалтасына басқан. Жігітті іскер адам деп ойлаған такси жүргізушілері қалай оңай алданып қалғандарын да байқамай қалған көрінеді. Тек клиенттерінің ақшаларын алып, ізін суытқанын білгенде сан соғып қалған.
    Темір ауданы Шұбарқұдық ауылының тұрғынына ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі 2-тармағымен айып тағылған еді. Бұл бап бойынша 4 жылға бас бостандығынан
    айыру немесе 4 мың АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған. Алайда сотталушының күзетпен ұстау шарасы өзгертіліп, ол сот залынан босатылды. Өйткені ол жәбірленушілермен медиация тәртібімен келісімге келген. Сотта анықталғандай, 33 жастағы жігіттің әкесі мал шаруашылығымен айналысады. Баласының шығынын өтеу үшін ол үш жылқысын сойып, жәбірленушілерге соғым ретінде ет таратыпты. Сотта ол жоғары білімі болса да, жұмыссыз жүрген баласын енді мал соңына салып қоятындығын айтқан.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Сотталған алаяқ арзанға көлік әперем деп алдап соқты
  • Тал түсте кісі тонаған таксист ұсталды
  • Алаяқтығы үшін үшінші рет түрмеге түсті
  • 24 адамды алдаған әйелге сот үкімі шықты
  • Арзан таксиге мініңіздер!
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге