Күйеуі абақтыға қамалған келіншек әділдік сұрайды

    Ақтөбе облысының Ырғыз ауданы Құмтоғай ауылында тұратын келіншектің күйеуі полиция қызметкерінің өміріне қауіп төндіргені үшін кінәлі деп танылған. Алайда екі баланың анасы Айжан Аймағанбетова “күйеуім жазықсыз сотталып кетті” деп отыр

    Оқиға өткен жылы қазан айында болған. Сол күні Айжанның жолдасы Ержан кішкентай қызымен бірге Ұлғайсын ауылына барады. Ауылына қайтар жолда жол бойында тұрған ақ түсті жигули автокөлігін байқап, көмектеспек болады. Полиция қызметкерлері оның ішімдік ішкенін байқап, құжаттарын көрсетуін сұрайды.Айжанның айтуынша, елсіз жерде жеке автокөлікпен жүрген адамдардың сөзіне күдіктенген Ержан олардан қызметтік куәліктерін көрсетуін талап етеді. Алайда полицейлер бұған құлақ аспаған.
    - Жолдасым олардың әрекетінен қауіптеніп, көлігінің есігін бекітіп алған. Сол кезде полицейлердің бірі Шыңғыс Төлебаев автокөлік капотына секіріп мініп,алдыңғы терезені қолымен ұрып сындырған. Қорқып кеткен 2,5 жастағы қызым бақырып, жылай бастайды. Әйнек сынығынан баласын қорғамақ болған жолдасым бүкіл денесімен баланы бүркемелейді. Сол кезде басқарусыз қалған көлік оның еркінен тыс жүріп кетіп, көтерме жолдан түсіп тоқтаған, -дейді Айжан Аймағанбетова.

    2016 жылдың 29 желтоқсаны күні Әйтеке би аудандық соты Ержан Асанды “полиция қызметкерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді” деген айыппен 5 жылға соттаған. Алғашында күйеуін тек әкімшілік жазамен құтылады деп ойлаған келіншек мұны күтпегенін айтады.
    -Жолдасым 2009 жылы Монғолиядан көшіп келген. Полицейлер оның заңды дұрыс білмейтіндігін пайдаланған секілді. Алдымен оны полиция бөлімшісіне шақырып, әкімшілік іс қозғайтындықтарын айтқан. Кейіннен шағымданып, қамауға алды. Сотта полицей жарақат алғанын дәлелдейтін бірде-бір медициналық құжат көрсеткен жоқ. Жолдасым аздап ішімдік ішкенін мо-йындап отыр. Алайда полицейлер құжаттарын көрсеткенде жағдай басқаша болар еді ғой,-дейді ол.

    Күйеуі түрмеге қамалғаннан бері Айжан Аймағанбетова күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айрылыпты.
    - Күйеуім жүргізуші болып жұмыс істейтін, отбасымыздың жалғыз асыраушысы еді. Қазір Ақтөбедегі 5-ші түрмеде отыр. Қайын ағаларым жалдап берген пәтерде жүріп, оған тамақ тасып жүрмін. Жолдасымның әкесі жүйке ауруларымен есепте тұр. Өмірден өткен ағасының бес баласы да оның қамқорлығында. Өзім екі баламен үйде отырмын, ең кішім бар болғаны он айлық. Ендігі күніміз не болмақ?! Сотта бұл құжаттардың барлығын көрсеткенмін, алайда оның бірі де ескерусіз қалды. Ол осынша жылға кететіндей адам өлтірген жоқ қой?!! Тіпті террористерге көмектескені үшін істі болғандардың өзі рақымшылыққа ілігіп, жазасы жеңілдеп жатыр ғой,-дейді күйінген келіншек.
    Әділдік іздеген келіншек полицейлердің үстінен де сотқа шағым түсірген. Алайда әзірге еш хабар жоқ көрінеді. “Үкім әділетсіз болды” деген ол енді апелляциялық соттан үміттеніп отыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Теракт үшін айыпталған полицейлердің туыстары наразылық акциясын ұйымдастырды
  • Күйеуін өлтірді деп айыпталған келіншек ақталып шықты
  • Веб-дизайнер полицейді тістеп алды
  • Зардап шегуші қалалық сотқа тапанша алып келді
  • Сүйінғариевтер әулеті: Жақсылық жазықсыз сотталып барады
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге