Мешітке түскен ұры адасқан ағым өкілі болып шықты

    Ақтөбе облысының Темір ауданындағы мешітке ұрлыққа түскен адамның деструктивті діни ағым өкілі екендігі анықталды. Бұл жөнінде “Нұр Ғасыр” облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі хабарлады.

    Оқиға 1 ақпанға қараған түні Шұбарқұдық кентіндегі “Досжан Ишан” мешітінде болған. Ұры жамағат қайыр-садақа деп салған қаржыға тиіспеген. Бар болғаны Алла үйінде тұрған компьютерді қолды қылған. Тергеу барысында 33 жастағы жігіттің деструктивті діни ағымның өкілі екендігі анықталған.
    - Алланың үйіне күніге құлшылыққа келіп, жамағатпен бірге сап түзеп жүрген 33 жастағы азаматтың бұл арам айласы амалға аспай, қолы сұғанақ қылмыскер қолға түсті. Ұрланған мешіт мүлкі қайтарылып, шығынның орны толық өтелді. Жат ағымның жетегінде жүрген жігіттің бұл әрекеті олардың, яғни, теріс түсініктегі жігіттің нақ исламнан жырақ екендігін тағы бір дәлелдеді,-деп хабарлады мешіттің баспасөз қызметі.
    Қазір бұл дерекке қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдіктіге қатысты ҚР ҚК “Ұрлық” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде 18 жастағы бойжеткенді зорламақ болған тұрғын ұсталды
  • Радикалды ағымның 300 өкілі дәстүрлі исламға оралды
  • Бақытбек Тәжімбет Қостанайға ауысты
  • Автомобиль бөлшектерін ұрлаушы ақтөбелік қолға түсті
  • Жоғалған жасөспірімнің анасы: Теріс ағымның жетегінде кеткен болуы мүмкін
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге