Зейнеткер мас күйінде жарылғыш зат туралы хабарлады

    Ақтөбедегі электр желілері мекемесіне жарылғыш зат туралы жалған хабар берген оның бұрынғы қызметкері болып шықты. Елді дүрліктірген зейнеткер бұл әрекетке ішімдік ішкен күйі барған.

    Ақтөбеде терроризм туралы жалған хабар берген зейнеткердің соты басталды. 69 жастағы Жақсылық Батановқа ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабымен айып тағылуда. Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, қария өткен жылы 11 қарашада өз үйінен Тамды көшесінде орналасқан қалалық электр желілері басқармасына қоңырау шалып, мекемеге бомба қойылғандығы туралы хабарлаған.

    Сотталушы “Энергосистема” ЖШС басқармасына ішімдік ішкен күйі қасақана хабарласқан. Сөйтіп, 5 маусымда болған оқиғаның қаупі сейілмей жатып, елді дүрліктірді,-дейді прокурор А. Сәрсенбаев.
    Жақсылық Батанов өзіне тағылған айыпты толықтай мойындап отыр. Айтуынша, сол күні ішімдік ішкен. Кейін өзі 7 жыл жұмыс істеген мекемедегі таныс-тарын іздеп, мекеменің кезекші бөліміне хабарласқан. “ “Бомба ” деген сөз аузымнан байқаусызда шығып кетті. Қасақана жасаған жоқпын. Кешірім сұраймын,”- деп ақталды ол.
    “Үлкен адамсыз.Немерелеріңіз бар. Жоғары білімдісіз. Артын неге ойланбадыңыз? Кішкентай бала болсаңыз білместікпен жасады деп түсінер едік. Бұл ауыр бапқа жатады”,-деді судья Аслан Мұқанов.
    Оқиға болған жерге 43 полиция мен 16 техника барған. Бұған қоса төтенше жағдайлар департаменті мен апаттық медицина орталығының қызметкерлері де шақырылған. Ғимарат ішіндегі жұмысшылар дереу қауіпсіз жерге шығарылған. Алайда ешқандай сезікті зат табылмаған. “Жарылғыш қойылды” деп әлекке түскен мекемелер енді зейнеткердің 360 мың теңгеден астам шығынды өндіріп бергенін қалайды. Бұл бап бойынша, 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы да қарастырылған. Сот процесі жалғасып жатыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Қызымен татуласу үшін "теракт" туралы хабарлаған ақтөбелік жігіт сотталды

  • Ақтөбеде жалған террорист ұсталды
  • Ішімдік ішкен мектеп директоры полицияға қарсылық көрсетті
  • Телефон террорисі ұсталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге