Қарақшы топ кәсіпкерді интимдік бейнетаспамен бопсалаған

    Ақтөбеде екі бірдей кәсіпкерді бопсалап, ірі көлемде ақша талап еткендердің ісі сотқа жетті. 4 адамнан тұратын бандалық топқа Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша күдік келтірілуде.

    Іс материалдарына қарағанда, қылмыс 2016 жылдың сәуір-қыркүйек айларының аралығында жасалған. Мұғалжар ауданының 41 жастағы тумасы үш бірдей кәсіпкерден ақша бопсаламақ болады. Бұл үшін тіпті арнайы жоспар құрып, небір құйтырқы әрекетке барған. 49 жастағы кәсіпкерді жас қызбен таныстырып, оның төсектес болған сәтін бейнетаспаға түсіріп алады. Кейін оны заңсыз ұстап, ақша бопсалайды. Электр есеңгіреткішпен және тапаншаның дүмімен ұрып-соғады. Ақыры олар кәсіпкерді қарумен “өлтіреміз” деп қорқытып, 5 млн теңге мен Тойота Лендкрузер маркалы автокөлігін беруге келісімін алады. Сондай-ақ жәбірленушінің банк карточкасын тартып алып, одан 500 мың теңгеге жуық ақшаны алған. Сөйтіп, жәбірленушіге 23 млн теңгеге жуық залал келтірген. Бандалық топ тағы бір кәсіпкерден 50 мың АҚШ долларын бопсаламақ болады. Арам ойларын жүзеге асыру үшін оны алдымен “мұсылман бауырларымен” қорқытқан. Кейін таныстарының біріне кәсіпкерге тиесілі дәмхана асына қоңыз салдырып, эпидемиологтарға шағымданады.Тіпті “көлігіңді жағып жіберем” деп қорқытады. Алайда кәсіпкер мұның біріне де көндігіп, ақшаны ұстата салмайды. Осыдан соң күдіктілер қаладағы бизнес орталықтардың бірінің жанында оның қымбат көлігінің дөңгелектерін тесіп кетеді. Тіпті әйелінің автокөлігінің астына жарылғыш затқа ұқсас муляж да тастап кетеді. Алайда қылмыстық топ өздерінің ойларын ақырына дейін жеткізе алмайды. Олар 2 қыркүйекте күні "Тойота Лендкрузер” маркалы автокөлікті сату кезінде қолға түседі. Топ мүшелері үш ер адамнан және бір әйелден тұрады. Оларға қылмыстық Кодекстің 126 бабының 2 бөлігі (Бас бостандығынан заңсыз айыру”), 194 бабының 4 –бөлігі (“Бопсалау”), 28 бабының 3 бөлігі (“Қылмысқа қатысушылардың түрлерi“) және 202 бабының 1 бөлігіне (“Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру”) сәйкес күдік келтірілуде. Бұл іс таяуда сотта жабық есік жайында қаралмақ.

    Естеріңізге сала кетелік, бұған дейін ақтөбелік кәсіпкерді ұрлап әкеткендігі жөнінде полицияның баспасөз қызметі хабарлаған еді. ІІД мәліметінше, 2016 жылдың 1 қыркүйегінде полицияға 49 жастағы ақтөбелік кәсіпкер шағымданған. Айтуынша, белгісіз төрт адам оны заңсыз ұстап, ақша бопсалаған. Күдіктілердің жәбірленушінің банк картасын тартып алып, одан 500 мың теңгені алғандығы белгілі болды. Бұған қоса олар кәсіпкерді қарумен “өлтіреміз” деп қорқытып, 5 млн теңге мен Тойота Лендкрузер маркалы автокөлігін беруге келісімін алған. Жедел алдын-алу шарасының барысында күдіктілер қолға түсті. Олар 41, 26 және 24 жастағы облыс тұрғындары болып шықты. Олардың екеуі бұрын адам тонағаны үшін сотталған.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбедегі мұнай ұрлығына қатысты тағы екі адам қамауға алынды
  • Ақтөбе облысында кәсіпкерді ұрлап әкетті
  • Ақтөбеде 23 жастағы қызды ұрлап әкетті
  • Сирияға кетпек болған 12 ақтөбеліктің соты басталмақ
  • Мейіржан Өндіргенов 5 эпизод бойынша ақталып шықты
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге