Жалған бомба туралы хабарлаған қария сотталды

    Ақтөбеде мас күйінде жарылғыш зат туралы жалған хабар берген қария қоныс колониясына қамалды. Зейнеткер өмірінің 10 айын енді осында өткізеді.

    №2 Ақтөбе қалалық соты 69 жастағы зейнеткерге үкім шығарды.Тергеу органдары Жақсылық Батановқа Қылмыстық кодекстің 273-інші, яғни “Терроризм актісі туралы жалған хабарлау” бабымен айып таққан еді. Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, қария өткен жылы 11 қарашада өз үйінен Тамды көшесінде орналасқан қалалық электр желілері басқармасына қоңырау шалған. Ішімдік ішкен күйі мекемеге бомба қойылғандығын айтыпты.
    - Сотталушы “Энергосистема” ЖШС басшыларына кек сақтап, ішімдік ішкен күйі қасақана хабарласқан. Сөйтіп, 5 маусымда болған оқиғаның қаупі сейілмей жатып, елді дүрліктірді,-дейді прокурор А. Сәрсенбаев.
    Жақсылық Батанов сотта өз кінәсін мойындады. Айтуынша, бұл мекемеде өзі 7 жыл күзетші болып жұмыс істеген. Сол күні ішімдік ішкен күйі қоңырау шалып, бұрынғы таныстарын іздеген. Сол кезде байқаусызда аузынан “бомба ” деген сөз шығып кетіпті. Қасақана ойы болмағанын айтып, кешірім сұрады. Немерелері барын, өзін қатаң жазаламауын өтінді.

    Прокурор оны 3 жылға соттауын сұрады. Судья Аслан Мұқанов оның зейнеткер екенін ескеріп, 2 жылға бас бостандығынан айырды. Әйтсе де оның үй қамақта болған күндерін ескеріп, рақымшылық заңын қолдана отырып, түпкілікті 10 ай 16 күнге соттады. Ол жазасын қоныс колониясында өтемек.
    Бұған қоса зейнеткер “жарылғыш қойылды” деп әлекке түскен мекемелерге 1 ай ішінде 360 мың теңге төлеуі тиіс. Өйткені сол күні оқиға болған жерге 43 полиция мен 16 техника барған. Бұған қоса төтенше жағдайлар департаменті мен апаттық медицина орталығының қызметкерлері де шақырылыпты. Ғимарат ішіндегі жұмысшылар дереу қауіпсіз жерге шығарылған. Алайда ешқандай сезікті зат табылмаған.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Зейнеткер мас күйінде жарылғыш зат туралы хабарлады
  • Қызымен татуласу үшін "теракт" туралы хабарлаған ақтөбелік жігіт сотталды
  • Ақтөбеде лаңкестік оқиға кезінде “теракт” туралы хабарлаған әйел сотталды

  • Ақтөбеде жалған террорист ұсталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге