Ақтөбелік жалған тонау қылмысын қолдан ұйымдастырған

    Ақтөбеде 24 жастағы жігіт өзі жұмыс істейтін фирманың ақшасын жымқырмақ болған. Тіпті тонау шынайы көріну үшін сыбайласынан бетіне қышқыл шашуын сұраған.

    Оқиға биыл 18 ақпанда болған. Іс материалдарына қарағанда, сотталушы “Пивное Подворье” ЖШС-нде жалдамалы жүк тиеуші болып жұмыс істеген. Соңыра экспедитор-жүргізушінің сеніміне кіріп, дүкендерге тапсырыспен апарылатын сыралардың төлем ақшасын жинап жүрген. Сөйтіп, күнделікті тауардан шамамен 800 мың теңгенің жиналатынын есептеп біледі. Оңай ақша таппақ болған жігіт құйтырқы амал ойлап табады. Танысымен келісіп, бір күндік ақшаны ұрлау үшін арнайы жоспар құрады. Тіпті, тонаудың шынайы екеніне сендіру үшін өз бетіне қышқыл зат та шаштырған. Кейін оқиға орнына келген Зауыт полиция бөлімінің қызметкерлеріне өзін жәбірленуші ретінде көрсетеді. Сотта жігіт өз кінәсін мойындап, бас бостандығынан айырмауды сұрады.

    Сотталушы Қылмыстық Кодекстің 419-бабының 3-бөлігімен (көрiнеу жалған сөз жеткiзу) және 420-бабының 2-бөлігімен (жалған айғақ бергені) кінәлі деп танылды. Судья Ерлан Бақытжан оған 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ол жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Танысын атып өлтірмек болған ембілік жігіт 8 жылға сотталды
  • Қызымен татуласу үшін "теракт" туралы хабарлаған ақтөбелік жігіт сотталды
  • Ақтөбеде лаңкестік оқиға кезінде “теракт” туралы хабарлаған әйел сотталды

  • Жалған жауап берген студент жазаланды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге