Жалған жауап берген студент жазаланды

    Жалған  жауап берген студент жазаланды

    Мұғалжар ауданында сотта жалған жауап берген жәбірленуші жазаланды. Ақтөбедегі мұнай-газ колледжінің 4 курс студенті 5 жыл бойы полицейлердің бақылауында болмақ.

    Іс материалдарына сәйкес, 2014 жылдың қыркүйегінде болған алдын-ала тергеу кезінде 19 жастағы жігіт өзін осыдан бір ай бұрын ауылдасының жарақаттағаны жөнінде мәлімдейді. Оң жақ өкшесіне оқтың үш бытырасы тигенін және өзін атқан адамның аты-жөнін де білетіндігін айтады. Алайда кейін сезіктімен беттескен ол қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын біле тұра жауабын түпкілікті өзгерткен. Айтуынша, Саға ауылының орманында қой бағып жүрген оны үйрек атып жүрген белгісіз аңшылардың оғы жаралапты. Алайда, студент олардың кім екендігін білмейді екен.

    Сот үкімімен ауыр қылмысты жасырған жігіт жалған түсініктеме бергені үшін кінәлі деп танылып, оған 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Алайда, студенттің бұрын сотталмағанын және жақсы мінездемесін ескерген судья оған 5 жыл сынақ мерзімін белгіледі.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Комсомолдың тұрғыны есірткі сақтағаны үшін жазаланды
  • Шалқарлық жігіт 22 жылға сотталды
  • VIP-таксисті өлтірген қылмыскерге үкім шықты
  • Дипломды сатып алған “мұғалімдер” сотталды
  • Шенеуніктерге сот үкімі шықты
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге