ІІД ҰҚКБ бастығының орынбасары ұсталды

    ІІД ҰҚКБ бастығының орынбасары ұсталды

    Ақтөбеде облыстық ІІД ҰҚКБ бастығының орынбасары өз билігін асыра пайдаланғаны үшін қамауға алынды. Оған заңсыз балық сатушыларды бопсалап, тәркіленген өнімді сатқаны үшін айып тағылуда. Бұл жөнінде облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

    Облыстық прокуратураның мәліметінше, ІІД ҰҚКБ қызметкерлері айналымдағы шектеулі балық өнімдерін сатуды жүзеге асырушы тұлғаларды анықтаған. Алайда оларды қылмыстық жауаптылыққа тартпау үшін ақша бопсалап, алынған өнімдерді басқа біреулерге сатып отырған.
    26 сәуір күні ІІД ҰҚКБ бастығының орынбасары А.А.Дәулетов балық сатудан түскен 70 мың теңгені алу кезінде қолға түсті. Оған “Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану” бабы бойынша күдік келтірілуде. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзге мәліметтер әзірге тергеу мүддесі үшін жарияланбай отыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Терроризмді насихаттаған 7 адам қамауға алынды
  • Мұнай ұрлағандарға көмектескен полицей абақтыға қамалды
  • Террористермен сыбайлас болған ақтөбелік екі айға қамалды
  • Ақтөбеде автокөлік ұрлаған тергеуші сот алдына келді
  • Алға ауданындағы ІІБ бастығының орынбасары пара алғаны үшін сотталды
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге