Қандыағашта күйеу баласы енесін пышақтап тастады

    Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында отбасылық жанжал кезінде ер адам өз енесін өлтіріп қоя жаздады. Бұл жөнінде аудандық соттан хабарлады.

    Оқиға 12 наурыз күні Қандыағашта болған. Сот материалдарына қарағанда, 26 жастағы жігіт ішімдік ішіп, ата-енесінің үйінде жанжал шығарады. Ақыры енесімен сөзге келіп, оған асхана пышағы мен ет шабатын балтаны бірнеше рет сермеген. Ауыр соққы салдарынан кеуде тұсынан жарақат алған әйел ауруханаға жатқызылған. Тергеу органдары ер адамға Қылмыстық Кодекстің 106 бабының 1 бөлігімен, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін айып тақты. Заң бойынша, бұл іс-әрекет үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Алайда сот отырысында жігіт өз кінәсін мойындап, процессуалдық келісімге келді. Сондықтан оған 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Бұған қоса ол 120 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартылады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Қандыағашта оқушылар бір–бірін пышақтап тастады
  • 7 жастағы қызды зорлаған педофил жазаланды
  • Әйел адам дәрігердің кесірінен сары ауруға шалдықты
  • Ақтөбе облысында әйел адам несие үшін бұрынғы күйеуін пышақтап тастады
  • Шалқарлық жігіт 22 жылға сотталды
  • Пікір

    ^ Үстіге