Ақтөбелік дәрігерлер сәбидің өлімі үшін жауап берді

    Ақтөбеде дәрігерлердің салғырттығынан сәбиінен айрылған келіншек өтемақы өндіріп алды. Сот шешіміне сәйкес, облыстық аурухана әйелге 1 млн теңгеден астам қаражат төлеуі тиіс.

    Ақтөбелік Сәбина Әлиқұлова өткен жылдың 12 желтоқсанында облыстық ауруханада сәбиінен айрылып қалады. Дүниеге келген сәтте шақалақ тірі болған, алайда ол көп ұзамай шетінеп кеткен. 22 жастағы келіншектің айтуынша, бала іштен кеткен қанға тұншығып қалған.Сәбидің анасы бұған дер кезінде кесір тілігін жасамаған дәрігерлерді кінәлайды. Әйелдің өзі ауруханада өкпесін қабындырып алған. Ол әлі күнге дейін емделіп жүр.
    -Талап қою арызына сәйкес, 2016 жылғы желтоқсанда әйел 37 апталық жүктілікпен Ақтөбе облыстық ауруханасының босандыру бөлімшесіне түскен. Медицина қызметкерлері тарапынан жіберілген қателіктердің салдарынан талап қоюшыға шұғыл ота жасалған. Алайда нәрестенің өмірін сақтап қалуға мүмкіндік болмады. Осыған байланысты талап қоюшы соттан жауапкерден 10 000 000 теңге көлемінде моральдық залал, 100 000 теңге көлемінде өкілдік шығындарды өндіруді сұрады, -деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.
    10 мамыр күні қалалық сот шешім шығарып, әйелдің арызын ішінара қанағаттандырды. Оған сәйкес, Ақтөбе облыстық ауруханасынан Сәбина Әлиқұлованың пайдасына 1 млн теңге көлемінде моральдық залал өндіріп берді. Бұған қоса медициналық мекеме келіншекке 100 мың теңге өкілдік шығыны мен 174 мың теңге көлемінде сараптама жүргізгені үшін сот шығынын төлеуі тиіс. Шешім заңды күшіне енген жоқ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбелік ана сәбиінің өлімі үшін өтемақы өндірді
  • Ақтөбеде жолға жауапты мекеме көлік шығынын өтемек
  • Автобус жүргізушісі 2 баланың анасын қағып өлтірді
  • “Автопарк” анасынан айрылған ақтөбелікке 2 млн теңге төлейді
  • Ақтөбелік тұрғын дәрігерлерден 10 миллион теңге талап етуде
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге