Ақтөбеде қала тұрғынын өлтірген ер адам ұсталды

    Ақтөбелік полицейлер кісі өліміне қатысты қылмыстың ізін суытпай ашты. 48 жастағы ер адам кінәсін мойындап отыр.

    22 мамыр күні Озерная көшесінен зорлық белгілері бар 31 жастағы еуропалық нәсілдегі ер адамның мәйіті табылды. Облыстық ІІД-і баспасөз қызметінің басшысы Нұргүл Қонақбаеваның мәліметінше, ауыр қылмысты ашуға ІІД криминалистері айтарлықтай үлес қосқан. Олар оқиға орнындағы қылмыскердің іздері бойынша ауыр қылмыстың ізін суытпай ашты. Күдіктінің мекенжайы анықталып, ол қолға түсті.
    Бұрын сотталған 48 жастағы ер адам жасаған қылмысын мойындап отыр. Қазір оның басқа қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.
    Полицейлердің мәліметінше, облыста қылмыстық ахуал жақсарып келеді. Әсіресе, тонау, зорлау мен пәтерден зат ұрлау қылмыстары азайған. Бұл тұрғыда учаскелік полиция инс-пекторлары мен криминалдық полиция қызметкерлерінің үлесі зор.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбелік жалған тонау қылмысын қолдан ұйымдастырған
  • Өндіргеновтың мекемесіне ұры түсті
  • Ақтөбелік екі баланы өлтірген маньяк Украинадан табылды
  • Ақтөбе облысында кәсіпкерді ұрлап әкетті
  • Банк терминалынан ақша ұрлағандар ұсталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге