7 жастағы жиенін зорлаған педофил сотталды

    Ақтөбе облысында жиен інісін зорлаған 25 жастағы педофилге сот үкімі шықты. Жас жігіт енді алдағы 15 жылын абақтыда өткізеді.

    Бұл жағдай былтыр Байғанин ауданындағы ауылдардың бірінде болған. Жазғы демалыс кезінде 7 жастағы ер бала нағашы атасы мен әжесінің үйіне қыдырып келеді. Сот мәліметтеріне қарағанда, жас жігіт сол уақытта өз жиенін ауыл сыртына алдап әкетіп, зорлық көрсеткен. Бұл әрекет бірнеше рет қайталанған. Педофил бірде оның үйде жалғыз қалғанын пайдаланса, енді бірде “жуындырамын” деп сылтауратыпты. Мұнысымен қоймай, оған күш қолданып, “болған жағдайды айтсаң, өлтіремін”деп қорқытқан. Сот -дәрігерлік сараптама нәтижесі бойынша, жас бала тік ішектің кілегей қабығының қансырауы түрінде дене жарақатын алған. Күдіктіге Қылмыстық Кодекстің 124-бабының 4-бөлігі, “жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер жасау” бойынша айып тағылды. Алқабилердің қатысуымен өткен сот жабық қаралды.
    26 мамыр күні қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сот жігітке 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтейді. Белгілісі, 25 жастағы жігіт әскерге бармаған, уақытша жұмыссыз. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Нағашысы 7 жастағы жиенін зорлаған
  • 7 жастағы қызды зорлаған педофил жазаланды

  • Ақтөбеде 16 жастағы педофил сотталды
  • Бес жасар қызды зорлаған педофил 17 жылға сотталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге