Ақтөбеде алаяқ өзін салық қызметкерімін деп таныстырған

    Ақтөбеде өзін салық қызметкері ретінде таныстырып, саудагерлерді алдап соққан алаяқ ұсталды. Бұл жөнінде облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

    Баспасөз қызметінің мәліметінше, 43 жастағы ақтөбелік өзін дүкен сатушыларына салық қызметінің инспекторы ретінде таныстырған. Оларға салық комитетінде көмек көрсететіндігін айтып, ақша талап еткен. Мәселен, ол 24 мамыр күні Рысқұлов көшесіндегі дүкендердің бірінің сатушысына өзін салық комитетінің инспекторы ретінде таныстырып, 40 мың теңге ақшасын иеленген. Қазір күдктіге қатысты Қылмыстық Кодекстің 190 бабының 2-бөлімі , яғни “бiрнеше рет жасалған алаяқтық” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам өз қылмысын мойындап отыр. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
    -Сатушылар мен кәсіпкерлер үшін түрлі мемлекеттік органдардың тексеруі қалыпты жағдайға айналып кеткен. Сондықтан олар келушілердің құжаттарын тексерместен, айтқан сөздеріне де сенеді. Ал мұны алаяқтар өз пайдасы үшін қолданып кетеді. Сол себепті ІІД сатушылар мен кәсіпкерлерден тексеруші орган қызметкерлері сауда нүктелеріне келген кезде қырағылық танытып, құжаттарын мұқият тексерулерін сұрайды,-деп хабарлады баспасөз қызметі.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Сотталған алаяқ арзанға көлік әперем деп алдап соқты
  • Алаяқ әйел “грантқа түсірмек болған”
  • Мейіржан Өндіргеновтің “сыбайласын” қамау мерзімі ұзарды
  • Алаяқ теміржолшылар ұсталды
  • Зейнеткерлерді тонаған екі алаяқ ұсталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге