Үш жылқышыны жайратып салған ер адам сотқа келді

    Ақтөбеде үш жылқышыны мылтықпен атып тастаған ер адам сот алдында жауап беріп жатыр. Оған бірнеше адамды өлтіргені және қару ұрлағаны үшін айып тағылуда.

    Бұл оқиға биыл қыста Байғанин ауданындағы Лақтыбай мұнай кен орнына жақын жердегі қыстақта болған еді. Сол күні сотталушы марқұмдардың бірімен ішімдік ішеді. Соңыра өзара жанжалдасып қалады. Ақыры ашуға мінген 42 жастағы ер адам үш бірдей адамды мылтықпен атып салады. Сотта ол бұл қылмысқа әкелі-балалы екеуден таяқ жегендіктен барғандығын айтты.
    - Мен шаруа қожалығына көлік жөндеу үшін барған едім. Сол жерде әкелі-балалы Болат Бұхарбаев пен Қожахмет Мұрат жұмыс істеп жүрді. Арамызда жиі келіспеушілік болып тұратын. Сол күні мен Болатпен ішімдік іштім. Кейін ол маған “қоқыс төгіп кел” деді. Алайда олар маған көлік жөндеуге көмектеспейтіндіктен, бұл ұсынысынан бас тарттым. Ол мені оқтаумен ұрды. Сөйтіп, баласы екеуі жабылып, мені теуіп тастады. Үйде көрші ауылдың жылқышысы да болатын. Сыртқа жуынуға шыққан кезде, оларды атып тастау туралы ой келді. Жатын бөлмеде тұрған аңшы мылтығын алып, оқтадым.Алдымен Қожахметті атып салдым. Мыңжанды ату ойымда болмаған. Өйткені әйелі, баласы бар екенін білетін едім. Әйелі екінші сәбиіне жүкті еді. Оны мылтыққа қарсы жүгіріп шыққандықтан, байқамай атып алдым. Ол тірі болатын, қансырап жатты. Бұл кезде Болат қашып үлгерген екен. Қарда жүретін көлікпен қуып жүріп, оны 2 рет аттым. Қылмысымды толығымен мойындаймын,-деді ол сотта.
    Осы оқиғадан соң Қашқынбай Ермағанбетов жол-жөнекей көліктерге ілесіп, Ақтөбе арқылы Хромтауға келген. Жолай қолындағы мылтықты 20 литр бензин мен ішімдікке сатып кетеді. Соңыра болған жайтты жақындарына айтып береді. Ал 4 күннен соң оны полицейлер қамауға алады. Сот отырысы кезінде жылқышылардың қолдан қайнатып, ішімдік жасағаны анықталды. Ал аңшы мылтықтары мүлдем тіркелмеген болып шықты. Шаруа қожалығының басшысы бұл оқиғаға еш қатысы жоқтығын айтып, басын алып қашуда.
    - Екі мылтықтың бірін 2007жылы, ал екіншісін 2009 жылы жолдастарым сый ретінде берген. Олардың тек сатып алу құжаты ғана бар. Тіркелмеген. Аңшылыққа қызықпайтын болғандықтан, мылтықтарды сейфке салып қойған едім. Кілті Бұхарбаевта болды. Оқ-дәрілерді де мен сатып алған жоқпын. Шаруа қожалығына көп бармаймын. Қаруларды ит-құстан қорғану үшін қыстаққа апарып қойған едік. Сотталушыны танымаймын. Оны жақын жолдасым көлік жөндеуге жіберген. Самагон аппаратының бар екенін де білмедім, бірақ үнемі қант сұрай беретін. Әкелі-балалы марқұмдар менде жұмыс істемейді, тек менде жұмыс істейтін адамның сұрауы бойынша қыстақта тұрып жатқан,- дейді “Абдулғазиз” шаруа қожалығының басшысы.
    - Қожалығыңызда жұмыс істемейтін екі адам бостан-босқа жүр.Жалақы төлемейсіз, тек күндерін көріп жүр.Бірақ, самагон қайнатып жатыр. Арты осындай үш адамның қазасына алып келді. Сіздің тарапыңыздан жауапсыздық, қадағаламау болғандықтан осындай қайғылы оқиға болып отыр. Мылтық та қауіпті нәрсе ғой. Бәріне жауапты өзіңізсіз. Ал сіз барлығын басқа адамдарға сілтеп тұрсыз,-деді судья Г. Әжіғалиева.
    Сотқа төрт жәбірленуші қатысып жатыр. Қайтыс болған марқұмдардың екеуінің туыстары сотталушыдан 2 млн теңге моралдық шығын талап етуде. Қылмыстық іс бойынша барлығы 9 куәден жауап алынуда. Сот отырысы жалғасып жатыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Шаруа қожалығының басшысы туысының жылқысын ұрлаған
  • Байғанин ауданында үш жылқышыны атып кетті
  • Төрт шаруа қожалығының басшысы алаяқтықпен ұсталды
  • Танысын атып өлтірмек болған ембілік жігіт 8 жылға сотталды
  • Ембілік жігіт танысын өзіне ұнамағаны үшін аңшылық мылтықпен атқан
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге