Қайырымдылық қорының волонтері есірткі сатты деп айыпталуда

    Ақтөбеде 21 жастағы бойжеткен есірткі сатқаны үшін айыпталуда. Алайда қыздың туыстары оның кінәсіз екенін айтады. Айтуларынша, ол бұрынғы танысына марихуана емес, гербарий ұсынған.

    Күдіктіні тәртіп сақшылары былтыр қыста қаланың ескі бөлігіндегі дәмханалардың бірінің қасында ұстаған. Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, сотталушыдан 0,75 грамм кептірілген марихуана тәркіленген.Бойжеткенді ұстап берген оның бұрынғы танысы болып шықты. Жедел уәкіл оның есірткі берген сәтін видеоға түсірген. Алайда бұл жазба кейін өшіріліп қалған болып шықты.

    -Мен онымен 2015 жылдан бері таныспын.Қыз бен жігіт ретінде бірнеше рет кездестік. 2016 жылдың 25 қарашасында ол телефон арқылы өзінің есірткі сататындығын айтты.Қағазға оралған марихуананы 2 мың теңгеге саудалады. Мен оның қылмыс екенін түсініп, бір аптадан соң полицияға бардым. Жазбаша арыз жаздым.Соңыра онымен телефон арқылы сөйлесіп, кездесуге келістім. Есірткіні сатып алып, полицейлерге тапсырдым,-дейді Қуанышбек.
    Сотта куәгер бұрын есірткі қолданғандығын айтты. Бірақ қазір бас тартқан көрінеді. Тергеу органдары 21 жастағы қызға Қылмыстық Кодекстің 297 бабының 1 бөлігі бойынша айып тағуда. Бұл бап бойынша, мүлкін тәркілеп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Бойжеткен сотта жылап, есірткіні сатқанын үзілді-кесілді жоққа шығарды. Сотта оның бұрынғы танысымен бірге арасында марихуана шегіп, көңіл көтергендігі белгілі болды. Бойжеткен қайырымдылық қорында волонтер болып жұмыс істейді. Анасының айтуынша, қызының еш кінәсі жоқ. Бар болғаны бұрынғы танысы қызғаныштан одан өш алып отыр. Өйткені ол қыз бен жігіт ретінде онымен кездесуден бас тартқан.
    - Қызым оған марихуана бермеген. Бар болғаны гербарий салынған конверт ұсынған. Ал жігіт оны қызғаныштан ауыс-тырып жіберген, ,-дейді анасы Гүлнара.
    Прокурор қызды кінәлі деп тауып, 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Қаладан шықпау жөніндегі қолхатпен жүрген сотталушыны сот залынан қамауға алуды талап етті. Сот процесі жалғасып жатыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде есірткі сатқан нашақор 10 жылға сотталды
  • Мүгедек есірткі сатқаны үшін сотталуы мүмкін
  • Есірткі тасымалдаған ағайынды үш жігіт сотталды
  • Есірткі сатқан оқушы қыз бостандыққа шықты
  • Есірткі сатқан комсомолдық тұрғын сотталды
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге