Хромтауда шенділер кәсіпкерлердің құқығын бұзған

    Ақтөбе облысының прокурорлары кәсіпкерлердің құқығын бұзу деректерін анықтады. Бизнеске кедергі келтіріп, заңсыздыққа жол беретіндердің көбі әкімдік қызметкерлері болып шықты.

    Құзырлы орган өзге де мемлекеттік мекемелермен бірге Хромтау ауданының әкімдігін, мемлекеттік кірістер, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және төтенше жағдайлар басқармаларына тексеру жүргізген.

    -Хромтау қаласының Бас
    жоспары екі рет өзгертілді. Тексеру кезінде бұл жоспардан бизнес нысандарына арналған 30 жер учаскесінің кәсіпкерлер палатасының келісімінсіз шығарылғаны анықталды. 7 кәсіпкер жер учаскесін қайтаруға мәжбүр болды. Олардың біреуіне су айдау станциясы салынған. Ал алтауына әкімшілік ғимаратының құрылысын жасау жоспарланыпты. Әкімдік қайтарылған жердің орнына басқа жер ұсынуы тиіс. Алайда тек бір ғана кәсіпкердің өтініші қанағаттандырылған,-деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

    Жер кодексі бойынша жер мемлекеттік меншіктен аукцион негізінде берілуі тиіс. Әйткенмен Хромтау қаласының әкімдігі бұл талапты сақтамаған. Жер учаскелерін бөлу іріктеу арқылы жүргізілген. Кәсіпкерлердің біріне жер шектеусіз берілсе, енді біріне әр түрлі сылтаумен беруден бас тартқан көрінеді.
    2014 жылдан бастап сауда жасауға арналған орындар белгіленбеген. Сөйте тұра соңғы 2 жылда жергілікті полицейлер белгіленбеген жерде сауда-саттық жүргізгені үшін 44 кәсіпкерді әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Қазір заңсыз шығарылған шешімдердің күші жойылды. Аудан кәсіпкерлері жарнама үшін де орынсыз шығынданған. Мәселен, “Донская нефтебаза” АҚ сыртқы жарнама орналастырғаны үшін 4 мың теңгенің орнына 38 мың теңге төлеген.
    - Халыққа қызмет көрсету орталығы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде кәсіпкерлерден мүлдем қажетсіз құжаттарды сұратқан. Бұл үшін басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек “САК групп” ЖШС 2015 жылы Бөгетсай орта мектебін жөндеуден өткізген. Алайда құрылыс жұмыстарының аяқталғанына қарамастан, аудандық білім беру мекемесі әлі күнге дейін 11 млн теңгесін бермеген. Мал дәрігерлері 21 кәсіпкердің қызметіне тексеру жүргізген. Сөйтіп, бұл туралы прокуратураға хабарламастан, екі шаруа қожалығына сиырларының өнімдерін сатуға тыйым салған,-деп хабарлады баспасөз қызметі.

    Қазір Хромтау ауданы кәсіпкерлерінің мәселелері шешіліп, анықталған заңсыздықтар жойылған. Бас жоспарға енген өзгеріске сәйкес жерінен айрылған кәсіпкерлерге басқа жер учаскелері берілетін болды. Мұндай тексерулер енді облыстың басқа да аудандарында жүргізілмек.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбелік кәсіпкерлерді негізсіз тексеру жиілеп кетті
  • “Энергосистема” тұрғындардан заңсыз ақша алып келген
  • 8 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды
  • Прокуратура былтыр 233 кәсіпкердің құқығын қорғаған
  • Екі мың кәсіпкердің құқығы бұзылды
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге