Үш жылқышыны жайратқан қылмыскер ұзақ мерзімге сотталды

    Ақтөбеде үш жылқышыны аяусыз атып өлтірген ер адам ұзақ мерзімге бас бостандығынанан айрылды. Қашқынбай Ермағанбетов енді өмірінің 21 жылын қатаң режимдегі түрмеде өткізеді.

    42 жастағы ер адамға аса ауыр қылмыс жасағаны үшін айып тағылған еді. Ол Байғанин ауданындағы қыстақта үш жылқышыны мылтықпен атып өлтірген. Соңыра қылмыс орнынанан ізін суытқан. Мұнымен қоймай, кісі өлтірген қаруын ұрлап, жолай ішімдік пен жағармайға сатып кеткен. Сотта ол бұл қылмысқа әкелі-балалы екеуден таяқ жегендіктен барғандығын айтты. Ішімдік ішіп, жанжалдасқан. Ақыры адам өлімімен аяқталған. Ашуға булыққан қылмыскер еш кінәсі жоқ үшінші жылқышыны да жайратып салған. Марқұмның жұбайы жүкті болған. Сәбиі ол қайтыс болғаннан кейін дүниеге келген. Қашқынбай Ермағанбетов сотта оны өлтіру ниеті болмағанын, байқаусызда атып алғанын айтты. Қылмыс жасағанына өкініш білдірді. Алайда оның бұл сөздері әрекетін ақтап ала алмады.

    Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен оған 21 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтейді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Үш жылқышыны жайратып салған ер адам сотқа келді
  • Мас күйінде жиенін өлтірген ер адам сотталды
  • Байғанин ауданында үш жылқышыны атып кетті
  • Танысын атып өлтірмек болған ембілік жігіт 8 жылға сотталды
  • Ақтөбе облысында 88 жастағы зейнеткерді ұрып өлтірген жігіт сотталды
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге