Алғалық тұрғын үш жыл бойы өгей қызын зорлаған

    Ақтөбе облысының Алға ауданында ер адам өгей қызын үш жыл бойы зорлап келген. Сот нәпсіқұмар әкені 16 жылға бас бостандығынан айырды.

    Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Алға қаласының 38 жастағы тұрғынына үкім шығарды. Сот мәліметтеріне қарағанда, ол 2015 жылдан бері мас күйінде қыз балаға бірнеше рет сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер жасаған. Азғын өзінің арам ойын жүзеге асыру үшін әйелінің жұмысқа кеткен сәті мен қыз баланың оңаша кезін пайдаланыпты. Жәбірленуші қазір 11 жаста.
    Сотталушыға Қылмыстық Кодекстің 121 бабының 4 бөлігі бойынша ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер") айып тағылды. Ер адам кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкініш білдіріпті. 16 жылға сотталған педофил жазасын енді қатаң тәртіптегі колонияда өтейді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • 7 жастағы жиенін зорлаған педофил сотталды
  • 7 жастағы қызды зорлаған педофил жазаланды
  • Педофил “әке” 16 жылға сотталды
  • Педофил “әке” 16 жылға сотталды
  • Өгей қызын зорламақ болған “әкенің” соты басталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге