Ақтөбеде мәйіттік донор болған жігіттің туыстары сотқа дін өкілін шақырды

    Ақтөбеде мәйіттің ағзасын туыстарының рұқсатынсыз алған дәрігерлерге қатысты дау басылар емес. Марқұмның туыстары дін өкілдерінің ағза ауыстырудың шариғатқа қаншалықты сай екендігін анықтап бергенін қалайды.

    Ақтөбеде қайтыс болған жігіттің ішкі ағзасын туыстарының рұқсатынсыз алғандарға қатысты сот отырысы жалғасуда. Марқұмның туыстары облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен жергілікті басылымды сотқа берді. Айтуларынша, аймақтың бас хирургі Ерлан Сұлтангереев баспасөзде Серікболсын Көшербайдың қос бүйрегін алуға туыстарының рұқсат бергені туралы жалған ақпарат берген. Бұл марқұмның туыстарының ар-намысына тиген. Сондықтан олар 1 млн теңге көлемінде моралдық шығын талап етуде. Сондай-ақ дәрігердің басылым арқылы
    туыстарынан кешірім сұрағанын қалайды.

    -Ерлан Сұлтангереев жергілікті “Ақтөбе” газетіне берген сұхбатында марқұмның туыстарының ішкі ағзаларды алуға келісім бергендігін айтқан. Алайда , бұл жалған. Бұл азаматтар, олардың туыстары- дін жолындағы адамдар. Ислам діні бойынша, өлікке қандай құрмет көрсетілетіндігі белгілі. Оның бүйрегін алуға ешкім рұқсат бермеген және бұған наразы. Дәрігер марқұмның туыстарын салт-дәстүрді ұстанбайтын адам ретінде көрсетіп, мәлімет берген. Бұл олардың ар-намысына тиіп, ашу ызасын келтіріп отыр. Халық алдында абырой-беделдерін түсіріп отыр. Сондықтан бас хирургтің басылым арқылы кешірім сұрап, бұл ақпараттың жалған екені жөнінде хабарлағанын қалаймыз,-дейді адвокат Қатарбай Райсов.
    Сотта марқұмның туыстары мәйіт донорлығын шариғат негізінде түсіндіріп беру үшін дін өкілін шақыруға өтініш жасады. Елімізде мәйіттің ішкі ағзасын туыстарының рұқсатынсыз алу заңмен реттелген. Алайда халық арасында түсіндіру жұмыстары жеткілікті деңгейде жүргізілмегендіктен, дау басылмай тұр. Сондықтан Ақтөбенің бас дәрігері Әсет Қалиев те мәйіттік донор болуға келісімін берді. Ал бұған дейін бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев қайтыс болғаннан кейін өзінің ішкі ағзаларын алуға келісімін берген еді. Келесі сот отырысы 5 шілдеге қалдырылды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбелік дәрігерлер марқұмның бүйрегін рұқсатсыз алған
  • Автобус жүргізушісі 2 баланың анасын қағып өлтірді
  • Жол апатына түскен жігіт екі адамның өмірін құтқарды
  • Ақтөбеде алғаш рет бауыр алмастырылды
  • Бүгін Ақтөбеде алғаш рет бауыр алмастырылды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге