Қыз алып қашқан ақтөбеліктер сот залында қамауға алынды

    Ақтөбеде танымайтын бойжеткенді алып қашпақ болған Санат Өмірзақов пен Алдаберген Жұмажанов сотталып кетті. Бұған дейін бостандықта жүрген екі жігіт сот залында қамауға алынды.

    “Қыз алып қашу операциясына” қатысты атышулы іске соңғы нүкте қойылды. 21 шілдеде №2 Ақтөбе қалалық сотының судьясы Ерлан Бақытжан сотталғандарға үкім шығарды. Екі жігітке ҚР қылмыстық кодексінің 125 бабының 2 бөлігі (“Адам ұрлау”) бойынша айып тағылған еді. Бұған дейін хромтаулық Санат Өмірзақ пен Алдаберген Жұмажанов өз кінәсін мойындап, процессуалдық келісім жасау үшін прокурорға өтініш тастаған. Алайда қылмыстың ауырлығын ескеріп, мемлекеттік айыптаушы оны қанағаттандырудан бас тартты.
    -Сотталушылар бұл әрекетті қасақана жасаған. Медициналық сараптама қорытындысы бойынша, қыздың екі жақ иығы қанталаған, жеңіл жарақат алған. Әрі олар қылмысты алкогольдік ішімдік ішіп, мас күйінде жасаған. Бұл қылмысты ауырлататын мән-жайт болып есептеледі. Сол себепті Санат Өмірзақты мүлкін тәркілеп, 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын. Ал Алдаберген Жұмажановты түпкілікті 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруды сұраймын. Өйткені ол бұрын істі болған, жазасының өтелмеген бөлігі бар,-деді мемлекеттік айыптаушы А. Сәрсенбаев.
    Алайда жәбірленуші сотталушыларға қатаң жаза тағайындамауды сұрады.
    -Мен сотталушыларға кешірім бердім. Оларды бас бостандығынан айырмауыңызды сұраймын. Қояр талап-шағымым жоқ,-деді 20 жастағы бойжеткен.
    Сотталушылардың адвокаты да олардың отбасында жалғыз асыраушысы екендігін айтып, абақтыға қамамауды сұрады.
    -Санат Өмірзақтың кәмелетке толмаған 4 бауыры бар. Әкесі науқас. Ал Жұмажановтың биыл қаңтарда туған кішкентай баласы бар. Әкесінен айрылған, анасы да ауырады. Бұл жігіттер ауыр қылмыс жасаған. Алайда түрме адамды түземейді. Сондықтан оларға түзу жолға түсуге мүмкіндік беруіңізді сұраймын. Өмірзақты бас бостандығынан айырмауыңызды сұраймын. Ал Жұмажановқа Қылмыстық кодекстің 55 бабын қолданып, жазаның төмен мөлшерін тағайындауыңызды сұраймын,-деді қорғаушылары Кәмила Матаева.
    Сотталушылар да өздерінің ұят іс жасағандарына өкініп, кешірім сұрады.
    Сот үкімімен 21 жастағы хромтаулық Санат Өмірзақ мүлкі тәркіленіп, 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айрылды. Ал оның досы Алдаберген Жұмажанов 5 жылға сотталды. Бір баланың әкесі бұрын ұрлық жасағаны үшін 3 жылға шарты түрде бас бостандығынан айрылған. Алайда соттылық мерзімі әлі өтелмеген. Сондықтан оның жазасы ауырлау болды. Сотталушылар сот залында қамауға алынды.
    Естеріңізге сала кетелік,бұл оқиға маусым айында орталық базар маңында болған. Қалыңдығы тұрмысқа шығудан бас тартқан жігіт бейтаныс қызды алып қашпақ болады. Алайда, іске базар күзетшісінің бастығы араласады. Сөйтіп, “қыз алып қашу операциясы” жігіттер үшін сәтсіз аяқталады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Қыз алып қашқан ақтөбеліктер сот залында қамауға алынды

  • Прокурор қыз ұрлағандарды 6 жылға абақтыға қамауды сұрады
  • Ақтөбеде қыз алып қашпақ болғандардың соты басталды

  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге