“Ақтөбе” футбол клубының бұрынғы бас директоры бостандыққа шықты

    Бюджет қаражатын талан-таражға салғаны үшін 8 жылға сотталған Дмитрий Васильев абақтыдан босап шықты. Бұл жөнінде облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

    “Ақтөбе” футбол клубының бұрынғы бас директорына қатысты үкім биыл мамыр айында шыққан еді. Сот оны Қылмыстық кодекстің 189- бабының 4-бөлімі “Бөтеннің сеніп тапсырған мүлкін иемденіп алу немесе талан-таражға салу” бойынша айыпты деп тапқан. Жеке мүлкін тәркілеп, 8 жылға соттаған еді. Ақтөбе облыстық соты аппелияциялық шағымды қарап, Дмитрий Васильевтің жазасын 7 жылға шартты мерзімге ауыстырды. Ол қамаудан босатылды. Сондай-ақ жеті жылға сотталған облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысы Ескендірбек Махановтың жаза мерзімі де қысқартылды. Бұрынғы шенеунік енді өмірінің үш жылын абақтыда өткізеді. Сот оны Қылмыстық Кодекстің 28- бабының 5 - бөлімі-189 бабының 4 бөлімі және 362-бабының 4-бөлімі (сеніп тапсырған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салуға көмектесу, лауазымдық өкiлеттілігін асыра пайдалану) бойынша кінәлі деп тапқан еді.
    Апеллияциялық шағымды қараған сот олардан 240 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деген айыпты алып тастаған. Бірақ Васильевке жалақы түрінде заңсыз берілген 43 млн 836 мың теңге өндіріп алынуы тиіс. Ал Маханов Венгриядағы Еуропа лигасының матчына заңсыз барған сапарына жұмсалған 1 млн 94 мың теңгені қайтаруы керек. Соттың бұл қаулылары өз күшінде қалды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Кәсіпкер Мейіржан Өндіргенов бостандыққа шықты
  • “ Ақтөбе” футбол клубының бұрынғы бас директоры сотталды
  • Дмитрий Васильев қылмыстық істі тоқтатуды талап етті
  • Дмитрий Васильев: Бізге ескерткіш қою керек
  • Дмитрий Васильевтің ісі сотқа түсті
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге