Қарттар мен мүгедектер үйінде тағы да шу шықты

    Ақтөбедегі қарттар мен мүгедектер үйінің басы тағы да дауға қалды. Бұл жолы мемлекеттік мекеме ар-намысы мен іскерлік беделіне нұқсан келтірген қала тұрғындарымен соттасуда.

    Даудың басы белсенді ақтөбеліктердің қарттар үйіне баруынан басталған. Ондағылар зейнетақы мен жәрдемақыдан бөлінетін қаражатқа сатып алынатын киім мен тамаққа көңілдері толмайтындығын айтып, шағымданған. Қарттар үйіндегі тұрғындардың “жанайқайын” ақтөбеліктер әлеуметтік желіге жариялаған. Осыдан соң басы бәлеге қалған мемлекеттік мекеме түсініктеме жазуға мәжбүр болыпты. Енді қарттар мен мүгедектер үйінің басшылығы беделдеріне нұқсан келтірген ақпарат үшін ағайынды Иванниковтарды сотқа тартпақ. Мемлекеттік мекемедегілер бұл ақпараттың жалған екенін айтып отыр. Азаматтық сотқа арыз түсірген шағымданушылар моральдық шығын ретінде олардың әрқайсысынан 300 мың теңге талап етуде. Бұл іс бойынша басты сот талқылауы 8 тамызға жоспарланған.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Директор намысына тиген қызметкерлерінен 20 мың теңге өндіріп алды
  • Қарттар үйіндегі қақтығыс
  • Қарттар үйінің тұрғыны қайтыс болды
  • Ақтөбедегі қарттар үйінен өрт шықты
  • Қарттар үйіндегілер бір-бірімен соттаса бастады
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге